Қараша айының 3 жұлдызында Ақтау қаласында «Жеті өнер»  шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен ІІІ республикалық «Алатау шыңы» байқауына Құрық балалар өнер мектебінің биші өрендері хореография номинациясы бойынша 3 топпен қатысып, нәтижесінде «Snoopy» (орта топ) бишілер тобы бас жүлдеге ие болып, мамыр айында Алматы қаласында өтетін байқауға тегін жолдама алды. «Snoopy» (кіші топ) бишілер тобы І орынға, «Сrazy crew» бишілер тобы жүлделі ІІ орынға ие болды.

Сонымен қатар 24 қарашада Ақтау қаласында «Қазақстан таланттары» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткен халықаралық «Ақ маржан қалам — Ақтауым» атты байқауына Құрық балалар өнер мектебінен 56 оқушы қатысып, өз өнерлерін сарапқа салды. Облысымыздың түпкір-түпкірінен келген дарынды, өнерпаз оқушылар байқау өтіп жатқан Ақтау қалалық Абай атындағы демалыс кешенінің залын ән мен күйге бөлей білді. Нәтижесінде ауылымыздың өнерлі өрендері хореография номинациясы бойынша «Snoopy» (кіші топ) бас  жүлде, «Snoopy» (үлкен топ) бишілер тобы бас жүлде, «Нұр шашу» (кіші топ) бас жүлде, аспапта орындаушылық номинациясы бойынша қобыз мамандығының оқушылары Қаржаубай Гүлназ бас жүлде, Ерімбетова Ақмарал І орын, Аманқосұлы Нұргелді І орын, баян мамандығының оқушысы Таңатар Инабат І орын, вокал мамандығының оқушылары Дошаева Аңсаған және Қуаныш Жанерке І орын, балалар хоры І орын, хореография номинациясы бойынша дуэт ІІ орын, вокал номинациясы бойынша мектебіміздің вокал мамандығының оқушылары Базарбай Раушан, Жұмабекова Нұрзада, Асабек Қарақат және Досниязова Айым ІІ орынды иеленсе, Ерқожаев Қуандық пен домбыра мамандығының оқушысы Досқали Зәйтүн ІІІ қанжығасына байлады.

Шәкірттердің қанатын қақтырып, бәйгеге баптап дайындаған ұстаздары З.Баймағанбетова, А.Асалова, Г.Берікбосынова, Ә.Шәріп, С.Ерсайынов, Ж.Меңдіғалиева, А.Жақсылық, Н.Наурызғалиева, Е.Әнесов және С.Көбесовтерге алғыс айтамыз. Биік белестерді бағындыра беріңіздер!

А.САТКАНБАЕВА,
директордың бейін жөніндегі орынбасары

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз