Ақтау қаласы әкімдігінің қолдауымен, қалалық жастар орталығының ұйымдастыруымен Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде қалалық «Жастар сыйлығын» табыстау рәсімі өтті.

Шараның негізгі мақсаты қоғамдық жұмыста өзін-өзі көрсете алған ғылым, өнер және қызметтік басқа да салаларында айтарлықтай жетістіктерге жеткен азаматтарды және қоғам алдында беделін көтеру мен талабын арттыру мақсатында өткізілді.

Байқауға қатысқан 50-ге жуық үміткердің тапсырған құжаты бойынша арнайы құрылған комиссия жеңімпаздарды анықтады.

Шара барысында Ақтау қалалық мәслихатының хатшысы Сембіғали Закенов жеңімпаз жастарымызды марапаттады.

Нәтижесінде «Жастар сыйлығы – 2018» премиясының 10 номинациясы бойынша жеңімпаздар анықталды.

«Жас көшбасшы» — Меруерт Қонақбаева, «Үздік спортшы» — Бауыржан Нарбаев, «Жас кәсіпкер» — Таңшолпан Әлиханова, «Жас тілші» — Жасұлан Мұқанұлы, «Жас мұғалім» — Самат Жүзбергенов, «Жас дарын» — Оспан Құлсымақ, «Жас мұнайшы» — Нұрбол Арықбаев, «Жас мемлекеттік қызметкер» — Нұрсейіт Айладыр, «Жас медицина қызметкері» — Серікқасым Төреханұлы, «Үздік құқық саласының қызметкері» — Мереке Деменов Ақтау қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Үміт ЖӘЛЕКЕ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз