Бейнеу ауданы әкімі Бейнеубек Әбілов аудандық қоғам­дық кеңес алдында есеп берді. Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында өткен бұл жиынға облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақы­лау басқармасының басшысы Рахат Елитазаров қатысты.

Аудан әкімі Бейнеубек Көңлімқосұлы ауданның жағдайын жақсартуда жыл ішінде қандай істердің атқарылғандығын кеңесте нақпа-нақ баяндап берді.

Аудан халқы жыл сайын өсіп келеді. Өткен жылда аудан халқы мың алты жүз адамға өсіп, 68100­-ге жеткен. Өсімнің елге оралған қандастарымыздың есебінен және басым бөлігі ішкі миграция мен табиғи өсім есебінен болғаны көңіл қуантады. Әлеуметтік қорғау саласына бөлінген қаржы да былтырғы жылмен салыстырғанда екі жарым пайызға өскен. Есепті мерзім ішіндегі жұмыссыздықты азайту мақсатында адамдарды ақылы қоғамдық жұмысқа тарту, әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу, «Жастар практикасы», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017­2021 жылдарға арналған» бағдар­ламасы бойынша атқарылып жатқан істер, мүмкіндігі шектеулі жандарды жұ­мыспен қамту, оларға көрсетілетін қыз­меттер, ауданның барлық салалардағы әлеуметтік даму жайы егжей-тегжейлі баяндалды.

Тек бір мысалын айта кетсек, денсау­лық сақтау саласында орталық ауру­ханаға 48,9 млн. теңгенің 3 гемодиализ қондырғысы алынып, іске қосылған. 2018 жылы мемлекеттік жекеменшік әріптестік келісіміне сай 250 млн. теңгеге компьютерлік томограф сатып алынбақшы.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Карл Исабеков: «Маңғыстауға киностудия ашу ниетімен келдім»

Есеп беру жиналысында аудан әкімі Бейнеубек Әбілов ауданда ауылшаруашылығын дамыту, мал бағу, қой басын көбейту туралы міндеттер мен мүмкіндіктерді айтып, басқа салалар бойынша атқарыл­ған істерді баяндап, алдағы міндеттерді саралады.

Жиналыста аудандық мәслихат хатшысы Аманқұл Ұлұқбанов баяндамада айтылған ауруханаға қажетті құрылғы компьютерлік тамограф құрылғысының қашан алынатыны туралы, көп жылдардан бері жыр болып келе жатқан поли­техникалық колледж құрылысы жайлы сұрады. Қоғамдық кеңес мүшесі Асхат Лұқпанов ауылшаруашылығы үшін бө­геттерді қалпына келтіру жайлы айтты. Аудан әкімі бұл мәселелер туралы нақты жауап берді. Қоғамдық кеңес мүшелері ауданда есепті мезім ішінде атқарылған жұмыстарға ризалық пікірлерін білдіріп, аудан әкімінің жұмысына жақсы баға берді.

Айнахан ЕСЕТ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз