Мамин

Маңғыстау облысындағы жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында іске қосылған темірбетон өнімдерін шығаратын зауыттың жұмысымен танысты.

QSM корпорация басқармасы төрағасының орынбасары Ғалымжан Оспанқұловтың айтуынша, жобаны жүзеге асыру үшін 800 млн.теңге қаржы қарастырылған.

Оқи отырыңыз: Құрық портының 2-кезеңі Тəуелсіздік күні пайдалануға беріледі

-Зауыттың жалпы аумағы 6 гектар жерді алып жатыр. Зауыт 17 түрлі өнім өндіреді. Жобаның қуаты тәулігіне 1200 текше метр темірбетон өнімдерін шығаратын болады. Негізгі шикізат біздің аймақта бар. Олар: қиыршықтас, құм, цемент және арматуралар. Алғашқы кезеңдерде өнімдерімізбен Маңғыстау облысын қамтитын болсақ, алдағы уақытта көршілес облыстармен де тығыз жұмыс жасайтын боламыз. Жылдық тауар айналымды 7 млрд.теңгеге жоспарлап отырмыз. Компанияның бәсекелестерінен артықшылығы темірбетон жасау үшін жаңа технологияны қолдану болып табылады. Және бұл темірбетон құнын айтарлықтай төмендетеді,-деген Ғалымжан Оспанқұлов, зауыт жергілікті 200 адамды тұрақты жұмыспен қамтуды жоспарлап отырғанын айтты.

Асқар Мамин барған келесі нысан – «Ақтау трансформатор зауыты». Бұл кәсіпорынның жылына 6 млрд. теңгеге өнім шығаруға мүмкіндігі бар. Басты мақсат-Қазақстандағы импорт тәуелділігін азайту. Шығарған өнімнің 50 пайызын Түркменістан еліне экспорттайды. Салынған инвестиция құны 2 млрд. тенгені құрайды. Зауыт іске қосылғаннан кейін 150 адамға жаңа жұмыс орны ашылмақ. Кәсіпорын шикізат өнімдерін отандық өндірушілерден алады. Қазақстандық үлесі 85% — дан жоғары. Шығаратын өнімі КТП, КРУ, ОРУ, БКТП 250-2500 кВА бетонды корпуста кернеуі 6-10, 35 кВ трансформаторлар.

Венера МИРЛАН