2016 жылдың көктемінде алдын ала тергеп-тексеру барысында Тараз қаласының жеке бастары анықталмаған тұлғасының қылмысқа қатысты екені белгілі болды. Ол қасақана аса ірі мөлшерде есірткі заты «марихуананы» сатып алып, тасымалдаған.  Және өзінің Мұнайлы ауданы, Атамекен селосы, Райхан көшесі №546 үйінде сақтаған. Мұнайлы аудандық сотында сотталушы «У»-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Мұнайлы аудандық сотының 15.03.2017 жылғы үкімімен «У» ҚР ҚК-нің 296 бабы 4 бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айыруға, жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуге сотталды.Үкім заңды күшіне енбеген.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз