Түрме

Мұнайлы аудандық сотында сотталушы «Б»-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды. Ол 22.11.2005 жылдан 09.09.2014 жыл аралығында Маңғыстау селосы әкімінің аппаратында әлеуметтік мәселелер жөніндегі бас маман қызметін атқарып жүріп, яғни мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адам бола тұра, қызмет бабын пайдаланып, қасақана, пайдақорлық ниетпен, бөтеннің мүлкіне құқықты алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен 2011 және 2014 жылдар аралығында жәбірленушілер «М.,З.,Д.,К»-лерге бірнеше рет ірі мөлшерде материалдық шығын келтірген.

Мұнайлы аудандық сотының 17.02.2017 жылғы үкімімен «Б» ҚР ҚК-нің 177 бабы 3 бөлігі «б,г» тармақтарымен кінәлі деп танылып, 4 төрт жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға, жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуге сотталды.

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз