Елордада өтетін халықаралық көрмеде белсене қызмет еткен еріктілер 1 жылға дейін тегін оқу мүмкіндігіие ие болады.

3000-нан астам ерікті көрмеде жұмыс істеуге өтініш білдірген. Оның бір жарым мыңы іріктеуден өткен. Енді олар Астана көшелерінде, ауруханаларда, полиция учакелерінде, туристік дүңгіршектерде, жедел жәрдем стансаларында қызмет ететін болады. Еліміздің өзге өңірлерінен келген еріктілер тұратын жер, тамақпен қамтамасыз етіледі. Қоғамдық көліктерде тегін жүреді.

Айта кетейік, жұмыс істеуге ниеттілердің барлығы 3 тілде еркін тілдесе алады. Ең жас ерікті 15-те, ал ең үлкені 70 жаста. Сондай-ақ, «Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқып жатқан студенттер де ерікті болуға өтініш білдірген. Мәселен, Қытайдан ЭКСПО кезінде 130-дан астам білімгер келеді.

ЭКСПО-ның үздік еріктілеріне оқу гранты беріледі

Асхат Оралов, Астана қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы:

-ЭКСПО аяқталған соң, жұмыс нәтижелері қорытындыланып, белсенді жұмыс істеген 20 ерікті қала әкімі ұсынған 1 жылдық оқу грантына ие болады. Сонымен қатар, алғыс хаттар, түрлі сый-сияпаттар табысталады. Бастысы — оларға көрме аясында өтетін ауқымды шаралар мен концерттерге тегін билеттер беріледі.

Теңге БЕКМҰРЗАЕВА

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз