«Толқын» вокальды – аспапты ансамблі Астана қаласында өтетін дүниежүзілік «ЭКСПО -2017» көрмесінде өнер көресететін болды. Бұл жаңалықты нақтылау үшін Түпқараған аудандық мәдениет үйіне хабарласқан болатынбыз.

— 1973 жылы құрылған «Толқын» ансамблі 2016 жылы арадағы аз үзілістен соң өнерге қайта оралды. Кішкене ғана Түпқараған ауданындағы шағын қала Ақкетікте өнер шырағын үрлеген топ кезінде елімізді аралап, өнер сүйер көптің көңілінен шыққанды. Бүгінде жасы да, кәрісі де сүйіп тыңдайтын «Толқын» ансамблінің өнерін Түпқараған тұрғындары ерекше ықыласпен жақсы көреді. Әр концерті аншлагпен өтетін топ былтыр облыс көлемінде өнер сапарына аттанып, концерт қойып қайтқан болатын. Репертуарларында 70 жылдардағы ретро әндер мен қазақ әндерінің ішіндегі классикалық әндер орындалып, тыңдарман көңілінен шығуда. Осындай артықшылықтары мен ансамбльдегі өнерпаздар еңбегі еленіп, осы жазда өтетін әлемдік көрмеде өнер көрсету біз үшін үлкен мақтаныш. Бұл шешімді бізге Маңғыстау облыстық мәдениет басқарамасы хабарлап, 11 тамыз күні өнерпаздар ауданнан аттанып, Астанадағы көрмеде 13 тамыздан бастап өнер көрсететін қуанышты хабарды жеткізді. 21 тамыз күні ауылға оралатындығы белгілі болды. Топ құрамында 5 өнерпаз өнер көрсетеді. Аспапта ойнап, жанды дауыста өнер көрсететін «Толқын» тобының өнерін Астаналықтар ғана емес, «ЭКСПО -2017» көрмесін тамашалауға келген туристтерде бағалайтынана сенемін, -дейді  Түпқараған аудандық мәдениет үйінің директоры Жамал Раева.

 

Милана ЕЛЕУСІНОВА