Алматы қаласында әртүрлі  деңгейде өткен  жатып сығымдау өнерінің барлық санатынан Мұнайлылық спортшылар жүлделі орындар алып, төрт алтын, екі күміс, бір қола медальмен оралды.

Жатып сығымдау өнерінің майын ішкен споршыларымыз төрт алтынды тізбектей тақты. 48 келі салмақта жатып сығымдап алғаш өнер көрсеткен Шыңғыс Елжанов алтынды қанжығалады.  53 келі салмақта Нұрбол Болат пен 105 келі салмақта Махмуд Оңдаған да командасына қос алтынды қоржынға байлады.

Тағы бір мақтанар нар тұлғалы азамат, әлемдік деңгейдегі спорт шебері, Азия чемпионаты. Арслан Суюншалиев. Ол 120 келі салмақта ерекше өнерімен көзге түсті. 322,5 келі салмақты жатып сығымдап, Қазақстан Чемпионатында жаңа рекорд орнатып, алтын медальды жеңіп алды. Оның шәкірттері де спорт әлемінде бірге қайнап,  спорт саласының алдыңғы қатарында көш бастап келеді.

Ал, 48 келіге дейінгі салмақта Әділхан Орынбасаров пен 53 келіге дейінгі салмақта Шыңғыс Қуатбаев  күміс медальді иеленсе, 48 келіге дейінгі салмақта Марат Думан қола жүлдені қанағат тұтты.