ақтау
  1. Ақтау – еліміздегі жалғыз портты аймақ.
  2. Ақтау – кез-келген жерге 200 теңгемен жете алатын қала.
  3. Ақтау – Қазақстандағы ең жас қала. Іргетасы 1963 жылы қаланған.
  4. Ақтау – елімізге АҚҚУЛАР келетін жалғыз қала.
  5. Ақтауға жақын жерде әлем бойынша ең ірі уран ұңғымасы орналасқан. Бүгін де ұңғыма өз жұмысын тоқтатқан.
  6. Ақтау – тұңғыш рет өндірістік жылдам нейтронды атом электростанциясы салынған шаһар.
  7. Ақтау қаласында «Caspian Riviera Grand Palace» атты қонақ үй бар. Ғимараттың 6 қабатында құшағына 890 000 литр су сиятын аквариум орналасқан. Бірегей аквариум әсем сәулетімен ерекшеленеді.
  8. Ақтау – жаңа жылды қарсыз қарсы алатын қала.
  9. Ақтауда тұщы судың табиғи қоры жоқ. Сол себепті өңір тұрғындары Каспийдің суын тұшытып ішеді.
  10. Ақтау – еліміздегі көше атаулары жоқ жалғыз қала. Шаһар тек мөлтек аудандардан тұрады. Олардың саны 1-ден бастап 33-ке дейін жетеді.
  11. Ақтау – әлем бойынша тұрғын үй кешенінің дәл төбесіне маяк орналасқан екінші қала.
  12. Ақтау – тап-таза бетке жаңа жазылған жазудай Ленинград жобалау институтының бас жоспарымен жоспарланып, салынған шаһар.
  13. Маңғышлақ үстіртінің шығыс жағында, шамамен Ақтау қаласынан 50 шақырым жерде, солтүстік-батыстан оңтүстік шығысқа қарай мұхит деңгейінен 132 метр тереңдікте әлемдегі ең терең ойпат  созылып жатыр. Ойпат Қарақия деп аталады.
  14. Ақтау – Жауының өзі сескенген Досан мен Исаның туған жері.
  15. Ақтау – нағыз жаңа жылды шынайы қарсы алатын қала.
  16. Ақтау –14-наурызда көрісетін қала.
  17. Ақтау – келіндерінің сәлемі үзілмеген қала.
  18. Ақтау – әлемнің ең үлкен көлі Каспийдің жағасындағы керемет қала!
  19. Ақтау – еліміз бойынша жалғыз теңіз-жаяу әскерлері бар қала.
  20. Ақтау – теңіз астында орналасқан мейрамхана құрылысы (жоба құны 10 млн $) жоспарланған шаһар.

Дереккөз: el.kz