сәби sabi бала бөбек нәресте

Тауық жылы табысты жыл деп жатамыз. Жаңа жыл әрбір жанұяға құт-береке,  көл-көсір ырыс пен ынтымақ, риясыз шаттық әкелеріне үмітіміз зор. Жаңа жылға аяқ басқаннан-ақ жағымды жаңалықтар легі толастамады. Тауық жылы табалдырықтан аттай сала 31 нәресте жарық дүние есігін ашты. Сан отбасы іңгәлаған сәби үніне толып, көңілі серпіліп, бақыты еселене түсті. Періште пейілді сәбилер Алланың берген бір сыйындай емес пе?!

«Біздің өңірде бір күнде 50 не 60 нәресте өмірге келеді. Яғни өңірдің демографиялық өсімі өте жоғары. Жаңа жыл түні 31 сәби дүние есігін ашты. Тауық жылын жақсы жаңалық, көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алдық. Нәрестелердің 14-і ұл, ал 17-сі қыз бала.  Сәбилердің денсаулығы бірқалыпты. Мереке қарсаңында ақ желекті абзал жандар өз міндетін мінсіз атқарып, ана мен бала денсаулығын жіті қадағалады. Нәтижесінде нәрестелер еш қиындықсыз дүниеге келіп, өз отбасын зор қуанышқа бөледі. Жарық әлем есігін Жаңа жылы ашқан  нәрестелердің ішінде ең ірісі 4 келі, ал ең кішкентайының салмағы  2,6 келіні құрады. Бұл әрине оң көрсеткіш»,-дейді өңірлік перинаталдық орталық директоры Жамал Жаманбаева.

Голрох ЖЕМЕНЕЙ

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз