Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің келісімімен және Маңғыстау облысы әкімінің өкіміне сәйкес Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы болып Ержан Күмісқалиев тағайындалды, – деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысы әкімдігіне сілтеме жасап.

Ержан Көпжасарұлы 1983 жылы дүниеге келген. Білімі – жоғары. Мамандығы – заңгер.

Еңбек жолын 2007 жылы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы №3 орта мектебінің тарих және құқық пәнінің мұғалімі қызметінен бастады, кейін директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары болды.

2008-2016 жылдар аралығында Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасында бас маман, бөлім басшысы, басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

2016 жылдың қараша айынан бастап осы уақытқа дейін Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімінің орынбасары қызметінде болды.