Қарақияда жылдың алғашқы жартысында 538 сәби дүниеге келген. Бұл туралы аудандық аурухананың директоры Жамал Амалбайқызы мәлімдеді, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Қарақия ауданы әкімдігіне сілтеме жасап. 

«Қарақияда халық саны көп болмағанымен бала туу көрсеткіші жақсы. Ең бастысы — ана мен баланың саулығы. Ұлтымыздың болашағы — ұрпағымыз аман болсын!» — дейді Аудандық аурухананың директоры Жамал Амалбайқызы.