halyktyk zanger Халықтық заңгер

«Халықтық заңгер» жалпыреспубликалық акциясы кезінде Ақтауда 45 мемлекеттік орган мамандары қала тұрғындарына тегін құқықтық кеңес берді. Сот, прокуратура, әділет департаменті, үкіметтік емес ұйымдар, жергілікті атқарушы органдарының заңгерлері, кәсіби адвокаттар мен нотариустар 560 адаммен тілдесті, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Шараны ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Маңғыстау облыстық департаменті ұйымдастырған.

Кеңес алуға келгендердің басым бөлігін жер учаскелерін алу, баспаналы болу, сапалы білім, әлеуметтік көмек, бизнесті қолдау және медицина саласына қатысты сауалдар толғандырған.

Айта кету керек, бұл республикалық шара «Халыққа бір мезгілде тегін құқықтық кеңес көрсету» аталымы бойынша Гиннестің рекордтар кітабына өтінім берген. Қазір арнайы комиссия рекордтар ережесін сай өткенін тексеруде.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз