жүктілік беременность болашақ ана

Дүниеге дені сау ұрпақ әкелу — әр ата-ананың арманы. Елімізде әйелдер көбіне жүкті болғаннан кейін дәрігерге барса, көптеген дамыған елде жүктілікке дайындық алдын ала жүргізіледі. Отбасын құрамын деп ниеттенген екі жасты алдын ала медициналық тексеруден өткізу енді көршілес Өзбекстанда да міндеттелмек. Мұның бәрі — әлбетте тұрмысқа шыққан қыздың тезірек бала сүюі, жүктіліктің қалыпты өтуі және ең бастысы, денсаулығы мықты сәбидің дүниеге келуіне бағытталған шаралар. Егер сіздің шаңырақ көтергеніңізге бір жыл толса (30-дан асқан әйелдер үшін жарты жыл да жеткілікті), бірақ жүктіліктің ешбір белгілерін байқай алмай жүрсеңіз, төмендегі деректермен міндетті түрде танысыңыз.

Жүктілікке дейін қандай мамандарға бару қажет?

  1. Балалы болуды қалайтын барлық әйелдер жалпы қан талдауын (гемоглобиннің көрсеткіштері, эритроциттердің, лейкоциттердің саны және т.б.), қанның биохимиялық талдауын, жалпы несеп талдауын, сондай-ақ жағынды және жыныс жұқпаларына қан талдауын тапсыру керек, бұлардан табылған ауытқушылықтардың көбі құрсаққа зиянын тигізеді.
  2. Ерлі-зайыптыларға медициналық-генетикалық кеңес алу қажет. Терапевке қаралған жөн, оның мақсаты — созылмалы ауруларды (жүрек-қан жүйесінің аурулары, бүйрек аурулары, қант диабеті, қалқанша без аурулары, қан аздық, тонзиллит, дисбактериоз, иммундық тапшылық жағдайы және т.б.) анықтап, емдеу. Созылмалы аурулардың жүктілік барысын ауырлатуы мүмкін, сондықтан оларды анықтау және емдеу өте маңызды. Стоматологқа алдын ала барып, барлық стоматологиялық мәселелерді шешкен жөн.
  3. Әйелге гинекологқа қаралу ұсынылады. Жалпы қаралу, УЗД, гормондық профильді анықтау және функционалды диагностиканың кейбір тестілері (базальді температураны анықтау) әйелдің репродуктивті жүйесін бағалауға, бала көтеру проблемаларына әкелетін патологияларға қажет болғанда коррекция жүргізуге мүмкіндік береді.
  4. Болашақ әкеге уролог пен андрологқа қаралу қажет, себебі репродуктивті денсаулыққа әсер ететін жыныс ауруларының көбі жасырын түрде өтуі мүмкін (мысалы, еркектік бездің қабынуы).
  5. Дәрігерлерге барумен қатар жұптарға жыныс жолдары арқылы берілетін жұқпаларға (хламидиоз, микоплазмоз, уреаплазмоз) талдама жасап, герпес вирусына, цитомегаловирусқа, токсоплазмозаға тексерілуі қажет, сифилис, АҚТҚ, В және С гепатиттерінің жоқтығын растау керек.
  6. Созылмалы, уақытылы анықталмаған және емделмеген вирусты немесе бактериялық жұқпа жүкті болмаудың негізгі факторларының бірі болуы мүмкін. Жұқпа процесі құрсаққа тікелей әсер етпесе де эмбрионның дамуына кесірін тигізеді, тіпті оның өліміне себепші болады. Созылмалы эндометрит, эндокринді және аутоиммунды бұзылуларға әкеледі.
  7. Бұл талдауларға бағыттау қағазын гинеколог немесе терапевт береді. Әйелге қызылшаға тұрақтылығын тексеру қажет, егер ол қажетті деңгейде болмаса, жүктілікті жоспарлағанға дейін шамамен 3 ай бұрын екпе жасау керек.

Жүкті болғанға дейін қандай жағдайларда міндетті түрде генетикпен кеңесу қажет?

  1. Егер де ата-аналардың біреуі өмірінің кез-келген кезеңінде радиация көзіне жақын жерде болса;
  2. Егер де олардың бірі бояушы, рентген-лаборант болып жұмыс істесе, зиянды химиялық өндірісте қызметте болса;
  3. Денсаулық жағдайына байланысты жиі рентгенологиялық зерттеулерден өтсе немесе тератогенді (гендердің «сынуына» әкелетін) қасиеті бар дәрілерді қабылдаған болса;
  4. Егер де ерлі-зайыптылар алыс, бірақ қандас туысқандар болса немесе болашақ ана 35-тен, ал болашақ әке 40-тан асса, бұл жағдайда тұқым қуалайтын аурулар қауіпі арта түседі;
  5. Егер де жұпта (сондай-ақ болашақ ата-ананың туысқандарында) өлі туу, даму кемістігімен, тұқым қуалаушылық ауытқуымен туған бала (даун синдромы, гемофилия, муковисцидоз және т.б.) болса;
  6. Егер де әйел бірнеше рет түсік тастаса, жүктілік болмаса (генетикалық ауытқумен байланысты болуы мүмкін);
  7. Сонымен қатар ауру баланың дүниеге келуіне себепші болатын мутация (гендердің сынуы) қауіпін төмендету үшін жүктілікке дейін әйелдерге фолий қышқылын, дәрумендер, микроэлементтер қабылдаған жөн (мөлшері мен қабылдау ережесін әйелдер гинекологының кеңесінен білуге болады).

Жүктілікке дайындықты неден бастау керек?

Әрбір әйел жүктілікке дейін медициналық тексеруден өтіп, алдын ала барлық ауру — сырқаулардан емделіп алған жүктіліктің сәтті аяқталып, дені сау баланың туылуы үшін маңызы зор. Сонымен қатар жүктілік анықталғаннан бастап медицина қызметкерлері тарапынан жүкті әйелдің денсаулық жағдайын толық деңгейде тексеріп, қарауды және кеңес алуды қажет етеді. Бұл бірінші кезекте қант диабеті, тиреотоксикоз, гипотиреоз, туберкулез, жүрек ақаулығы, АИТВ-инфекция, кез-келген ағзада дамып жатқан ісіктер сияқты ауруларға қатысты.

Жүктілікке дайындық болашақ ата-аналардың денсаулық жағдайын тексеруді қамтиды. Жүктілікті жоспарлай отырып, болашақ аналар салауатты өмір салтын жүргізудің жалпы қағидасы туралы білуі қажет. Оларға тамақтану режимін реттеу, темекі шегуден және алькогольді ішімдіктер ішуден бас тарту, дене шынықтыруды ұмытпау керек, таза ауада жиі болу керек. Емдеуші дәрігердің кеңесімен жұбайлар, серіктестер фолий қышқылын қабылдауы керек. Егер болашақ ана қант диабетімен, жүрек-қан тамыр жүйесі ауруларымен ауыратын болса, егер сырқаттанғанда балалардағы туа біткен ақаулығы бар босанулар болған болса, жүктілікке дейінгі кезеңде фолий қышқылын қабылдау өте маңызды.

Жүктілікті жоспарлау кезінде қандай мамандарға жүгінуге болады?

Әрбір әйел жүктілікті болжаған уақытынан 3-6 ай бұрын медициналық тексеруден өтуі қажет. Бірінші кезекте акушер-гинекологқа, терапевтке баруы қажет, олар сізді қажет болған жағдайда (кардиолог, эндокринолог, нефролог, генетик) мамандарға жібереді. Стоматологқа міндетті түрде көрінуі қажет. Кейбір дәрі-дәрмектермен ем алып жүрген болса, мүмкіндігінше жүктілікті жоспарлауды уақытша тоқтата тұруы қажет, өйткені көп дәрілердің ұрыққа тератогендік әсері болады. Уақытылы дәрігерге барып, ең қауіпсіз дәрілерге ауыстыруға болады. Өкінішке орай, анаға да, болашақ балаға да қауіпті болатын аурулар түрі көп. Олардың асқынуға жеткізетін қауіп-қатер факторларын төмендету үшін жүктілікке дейін толық емделіп болуын қамтамасыз ету қажет.

Жүктілікке қолайлы уақыт етеккірдің келген күнінен санағанда екінші аптаның соңы мен үшінші аптаның басы болып саналады. Мамандар осы уақыттан бұрын бірнеше күн жыныстық қатынасты тоқтата тұрудың керектігін ескертеді. Осылайша ағзаны дайындайсыз. Баланы жоспарлап жүрген әрбір ерлі-зайыптылар алкогольді ішімдіктерден бас тартып, ыстық моншаға бармауы керек. Оған қоса жұбайлардың бір-біріне деген ілтипаты мен мейірімділігі де ұрықтың белсенділігін арттыратын көрінеді.

Сонымен қорыта келе айтарымыз, өмірге бала әкелмес бұрын болашақ әке мен анаға үлкен дайындықтан өтуге тура келеді. Өйткені сәби сүю — отбасы беріктігінің кепілі ғана емес, ол өмір сүруге, бақытты бала атануға құқылы кішкентай адамның келгендігінің белгісі.

Жүктілікті жоспарлау дегеніміз — ол ана мен бала денсаулығының кепілі. Жоспарлау барысында ағзаны дәрумендермен толықтыруды бастаңыз. Қандай дәрумендер дейсіз бе?

Әрине, дәрумендерді табиғи өнімнен, жеміс-жидектен, органикалық азық-түліктен алынған ең дұрысы. Бірақ қыс, көктем мезгілдерінде табиғи дәрумендер жеткіліксіз болғандықтан медициналық препараттарды қолдану керек болады. Жүкті болмай тұрып, кемінде екі ай бұрын бұл препараттарды қабылдай бастаған абзал.

Әйел адамдарға арналған дәрумендер

Ең бірінші жаман, зиянды әдеттерден арылу қажет. Дені сау, денсаулығы мықты әйел дүниеге сау баланы әкеледі. Сондықтан алдын ала диагностика — анализ тапсырып, жасаңыз. Себебі тоғыз ай аналық құрсағыңыз жаңа өмірдің қуат-нәр көзі болады. Жүкті болғанда қабылдайтын дәрумендерді сізге дәрігеріңіз жазып береді. Ал жүктілікке дейінгі дайындық кезеңінде мына дәрумендер жеткілікті болуына көз жеткізіңіз.

С, Е дәрумендері мен бета-каротин — бұл антиоксиданттар. Оларды қабылдау қан тамыры жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіреді. Ал бұл жүктіліктің басталуы үшін маңызды факторлар болып табылады. Антиоксиданттар иммунды жүйені сақтайды.

  1. Фолий қышқылын бала көтергеннен 12 аптаға дейін қабылдау керек. Жетіспеушілігі мидың дамуына қатысты басқа да ауытқушылықтарға сәбидің ой-кемістігіне себепкер болуы мүмкін.
  2. Е дәрумені әйел адамның репродуктивті жүйесінің қызметін жақсартады, жыныстық гормондарын ретке келтіреді, сау баланы дүниеге әкелу үшін жағдайын жасайды. Бұл дәруменді қабылдау — баланың шетінеуінің алдын алу мерзімінен бұрын түсік тастамаудың ең тиімді шарасы.
  3. Д дәрумені организмдегі кальцийді жақсы қорытады. Д дәрумені сәби сүйегінің дұрыс әрі жылдам қалыптасуына ықпал етеді. Оның мөлшері дәрігердің кеңесі бойынша азайтылуы мүмкін. Егер күнге жеткілікті шығатын болсаңыз.
  4. К дәрумені қан ұюы процесіне қатысады, ал бұл — босану кезінде өте маңызды көрсеткіштің бірі.
  5. А дәрумені нормадан асырмай қабылдау қажет. Оның шамадан тыс мөлшері эмбрион мен ұрықтың аномалиясына әкелуі мүмкін. Сондықтан А витаминінің қауіпсіз түрі бета-каротин қабылдау ұсынылады.
  6. С дәруменін-анемияның алдын алу, темірдің қорытылуы үшін қажет дәрумен.
  7. Йод — бұл минерал. Оның жетіспеушілігі ана денсаулығы мен сәбидің жүйке жүйесінің дұрыс дамымауына әсер етуі мүмкін. Жоспарлау кезінде және бала емізу кезінде де йодтың қабылдануы дұрыс.

Ерлерге де дәрумен қажет

Ер адам дәрумендерді жоспарлы күннен үш ай бұрын қабылдауы керек. Өйткені сперматозоидтың жетілу уақыты 72 күн және әр күн оларға қажетті минералдар мен дәрумендер қажет. Жүктілік ықтималдылығын арттыру үшін сперматозоид сапасын жақсартуға келесі дәрумендер қажет етіледі.

  1. С дәрумені және мырыш. Ер адам жыныстық гормондарының белсенді синтезін қолдайды. Жыныстық қатынасқа құштарлықтың бәсеңдемеуіне ықпал етеді.
  2. Фолий қышқылы немесе В 9. Сперматозоидтардың құрылымы белсенді түзілуіне ықпал етеді.
  3. Е дәрумені сперматозоидтардың зақымдалуынан қорғайды.
  4. Селен ер азаматтардың жыныстық белсенділігін арттыру үшін қажет.

Марта МИРМАНОВА,
жоғары санатты акушер

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз