astana mangystau Маңғыстау

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Менің Елім» тарихи өлкетанымдық жобасы аясында бір топ студент «Еділ-Жайық-Каспий» бағытымен Маңғыстау облысына келді. Жастардың қатысуымен бүгін ӨКҚ алаңында брифинг өтті.

«Менің елім» жобасы Ақтауда Маңғыстау облысының әкімдігінің қолдауымен және Қазақстанның «Ақ жол» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткізілуде.

Жоба – «Туған жер» кіші бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қолға алынған. Жобаның мақсаты — жастарды отансүйгіштікке баулу, патриоттық сезімін ұялату, рухани танымын кеңейту, шығармашылық қабілеттерін артыру, еліміздің тарихи мұраларын насихаттау. «Менің елім» жобасы батысты көрмеген, болмаған басқа облыстың балаларын алып келіп таныстыруы.

«Бұл жоба университетімізде бір жыл бұрын басталған болатын. Алғаш рет «Қазыналы оңтүстік» атты үлкен сапармен еліміздің оңтүстік аймақтарына, Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Тараз қалаларына бардық. Әрбір кезеңде 20-25 студенттен болды. Екінші кезең Шығыс Қазақстан облысына арналған болатын. Түркі тамыры Алтай деген. Семей мемлекеттік университеті Абай ауданы, Абай, Шәкәрім өмір сүрген үйлер, мұражайларда болдық. Ал үшінші кезең осы «Еділ-Жайық-Каспий» деп аталады. Яғғни еліміздің батыс аумағы, Ақтөбе, Орал, Атырау, бүгін міне Ақтауға келдік. Әрбір кезеңде әр түрлі студент болады. Барлығы ЕҰУ-ның студенттері Яғни әр сапарда студенттерді алмастырып отырамыз. Бұндағы мақсат – ол өңірлерде болмаған студенттерді сол өңірге апарып, құлақпен естігенін көзбен көрсету мақсатында дәлелдеу үшін әкелдік», — деді Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Жастар саясаты бөлімінің басшысы Жамбыл Тілепов.

Оның айтуынша, университетте 21 студенттік ұйым мен 5 шығармашылық ұжым бар. Ол жастардың барлығы сол ұйымдардың ең белсенді, ең мықты студенттері. Сабақ оқу үлгеріміне қарап, университеттегі белсенділігіне, сонымен қатар оқу орнына тигізген пайдасы, әр түрлі облыстық, республикалық байқаулар, іс-шараға қатысуына байланысты жастарды таңдайтындығын айтты.

Жиынға Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студент жастары қатысты. Брифингте белсенді жастардың арасынан Абдрауф есімді жігіт Маңғыстауға арнауын жолдады.

Тарихи өлектанымдық жобаның іссапарында жастар Ақтаудың тарихи-мәдени жерлерін аралап, «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешеніне барған. Сондай-ақ Шерқала, Айрақты тауларын тамашалаған.

Айта кетейік, көктем айында «Менің елім» жобасының төртінші кезеңі жалғасын табатын болады. Яғни, Қазақстанның орталық және солтүстігіндегі облыстарында осындай іссапар жалғасын табады.

Асылзат ӨСЕРҚЫЗЫ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз