Маңғыстау ауданы бойынша Астанада оқып жүрген студенттер қатары жыл санап өсіп келеді. Арманын Астанамен ұштастыратын жастарымыз үшін бізде қуаныштымыз.

Солардың бірі Б.Жұмалиев атындағы орта мектеп оқушысы, аудан әкімінің грантын жеңіп алған, Астанадағы С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетін түлегі Еркінқызы Меруерт. Орта мектебін жақсы бағамен аяқтап, ата – анасының ақ батасымен бас қалаға аттанғанда алда жарқын болашақ күтіп тұрғандай еді. Мектеп қабырғасының өзінде – ақ аудандық, облыстық тіпті республикалық дәрежедегі жарыстарда алдыңғы қатарда көрініп жүрген Меруертке, университетте де жақсы жақтарымен көзге түсу қиынға соқпады. «Оқимын, мақсатыма жетемін деген адамға Астананың құшағы әрдайым ашық. Жақсы жетістіктен көрінемін деген жастарға барлық жағдай жасалған. Үлкен арманмен барған мені де туған баласындай қарсы алған Астана қазір маған өте ыстық. Астананың салқын самалы, ақ мақтадай нәзік бұлттары, зәулім ғимараттары, сымдай тартылған көшелері, субұрқақтары қызыл-жасыл гүлдері жер жәннатындай » дегенде оның көзінен ару қалаға деген қимастықты байқаған едік. Қаланың барлық жерінде болған ол түскен суреттерін зор мақтанышпен көрсетіп жатты, суреттегі ару қалаға тамсанған біз де Астанада болғандай күй кештік.

А.РАХМЕТОВА

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз