ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрлігінің менингитпен күресу жұмыстарын сынады. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жазған, деп хабарлайды Baq.kz.

Сенат төрағасы министр Елжан Біртанов басқаратын министрліктің менингококк инфекциясының таралуын тоқтата алмай отырғанына алаңдаушылық білдірді және аталған мәселе туралы Үкіметтен жауап күтетінін мәлімдеді.

«Менингит инфекциясымен күресу жұмыстары тиімсіз болып отыр. Салалық ведомсвто кешірілмес жайбасарлық, жалтақтық танытуда. Аталған мәселе бойынша Сенат депутаттары үкіметке сауал жолдайтын болады», — деп жазады Қ.Тоқаев.

Естеріңізге сала кетейік, кеше осы мәселеге арналған брифингте Елжан Біртанов елдегі менингит жұқпасы туралы «дүрлігудің қажеті жоқ» деген болатын.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз