Бұл туралы «2GIS» компаниясының Ақтаудағы өкілі Сағат Нұрмағамбетов Жұмағалиұлы айтты. Оның айтуынша, сервис Ресейдегі бас офис мамандары күшімен дамытылады. Ақтаудағы  офис қала тұрғындарын нақты ақпаратпен қамтамасыз етумен, картаға жаңа объектілер қосумен, оны толықтырумен айналысады.

— Қазіргі таңда 2ГИС орыс тілінде ұсынылған. Бірақ, сервис қала мекемелерінің қазақша атауларын да біледі. Егер «Жерұйық» деп іздесек, 2ГИС осы атаулы қонақ үйін тауып, оның жұмыс уақытын, онымен байланысу деректерін және басқа да пайдалы ақпараттарды көрсетеді. Біз қолданушылардың назарын ескеріп, алдағы уақытта сервисті қазақ тілінде де шығару мүмкіндігін қарастырамыз, бірақ нақты уақытын айта алмаймын, — дейді Сағат Нұрмағамбетов.

Айта кетейік, Ақтау қаласында 1 қыркүйектен бастап 2ГИСқосымшасы жұмыс істеп бастаған болатын. «2ГИС» Ақтаудағы барлық тұрғын үйлер, мәдени-қоғамдық орындарының картасы мен көлік қатынастары туралы кешенді ақпарат береді. Ол – әлемнің 9 елінде бар   мобилдік бағдарлама. Ақтау – 2ГИС жұмыс істейтін Қазақстандағы 10-қала. Ал дүние жүзі бойынша 2GIS қосымшасымен 320 астам елде еркін жүріп, қыдыра аласыз.

Ақтау қаласы күндері аясында 2ГИСқосымшасының өкілдері автомобиль көлігіне ұтыс ойнатуда. Ойын шарты бойынша, кез келген Маңғыстау тұрғыны смартфонына қосымшаны жүктеп, қала ішінен Ақтауды таңдайды. Сөйтіп, теңіз жағалауындағы 2ГИС-тің арнайы дүңгіршігінен 8-қыркүйектен бастап ұтыс билетін сатып алу керек. Сәті түскен билет бойынша автомобильдің иесі атануға мүмкіндік бар, қапы қалмаңыз!

Айгүл ДӘДЕН