Серік Қалдығұл

Кезекті аппарат жиналысын облыс әкімі Е.Тоғжанов жаңа тағайындауларды таныстырудан бастады. Атап айтқанда, Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен Маңғыстау облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып Жандаев Болат Жандайұлы,ҚР Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысының бұйрығымен Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Маңғыстау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы болып Ұлықбанов Бақыт Жұманазарұлы, ҚР Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысының бұйрығымен Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы болып Қасымов Сәкен Жұмағалиұлы тағайындалды.

Жандаев Болат Жандайұлы 1979 жылы туған. Білімі жоғары, «құқық және экономика негіздері», «заңгер» мамандықтарын   игерген.

Еңбек жолын 2000 жылы Ақтау қаласында «Мұрагер-Шыңғыс» ЖШС-де инженер қызметінен бастап, Маңғыстау облысы бойынша  Көліктік бақылау басқармасында, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, кейін  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік-Қазақстан облысы бойынша департаментінде әр түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2011 жылдан бастап Маңғыстау облысы бойынша қаржы бақылау инспекциясында бөлім басшысы, испекция басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

Маңғыстауда бірқатар ауыс-түйіс болды

Қасымов Сәкен Жұмағалиұлы 1980 жылы туған. Білімі жоғары, «бухгалтер-экономист» мамандығының иесі.

Қаржы министрлігі жүйесінде, оның ішінде ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесінде 13 жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді.

2004 — 2012 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық, Қаржылық бақылау комитеттерінде әр түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2012 – 2017 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Маңғыстауда бірқатар ауыс-түйіс болды

Ұлықбанов Бақыт Жұманазарұлы 1959 жылы туған. Білімі жоғары, «заңгер», «экономист» мамандықтарының иесі.

Еңбек жолын 1981 жылы «Облкооплесстройторг» көтерме және бөлшек бірлестігіің бас есепшінің орынбасарықызметінен бастап, 1985 — 2008 жылдары әр түрлі мекемелерде басшы қызметерінде болды.

2009 – 2015 жылдар аралығында Маңғыстау облысында Салық департаменті, Ақтау қалалық әкімдігі, Кәсіпкерлік және сауда, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармаларында, кейін Мемлекеттік кірістер департаментінде басшы қызметтерін атқарған.

2015 жылдың қараша айынан бастап Жаңаөзен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы лауазымында болды.

Маңғыстауда бірқатар ауыс-түйіс болды

Күн тәртібіндегі аймақтағы мәдениет саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайында облыстық мәдениет басқармасы басшысының м.а. П.Сармурзина баяндады.Оның айтуынша , кейбір аудандарда кітапхана, клубтар жетіспейді, бұл қаржыға байланысты. Әйткенмен, Мұнайлы ауданы,Жаңаөзен қаласы , Маңғыстау ауданының Жармыш ауылында , Шетпе селосында , Қарақия ауданының Құрық селосында осындай мәдени нысандар салу бойынша құжаттар мемлекеттік сараптамадан өткен. Ақтау қаласында бір ғана мәдениет сарайы бар. Қаланың өсу деңгейіне және тұрғындардың сұранысын ескере отырып, жоғарғы шағын аудандардың бірінен мәдениет сарайын салу көзделуде.

Маңғыстауда бірқатар ауыс-түйіс болды

— Мемлекеттік қорғалуға алған ескерткіштер саны -449. Ал алдын-ала есепке алу тізімінде тұрған ескерткіштер – 880. Қазіргі таңда осы есептегі 141 тарихи-мәдени мұра нысанын жергілікті маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енгізу бойынша ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен келісу жұмыстары жүргізілуде. Бейнеу ауданындағы мешіттер, қорымдар, бекіністер, керуен-сарайлар бойынша циклды фильм түсіру мақсатында кешенді экспедиция ұйымдастырылды. 18 мешіт бойынша деректі фильм түсіріліп бұқаралық ақпарат құралдарында, Қазақстан-Ақтау аймақтық телеарнасы және әлеуметтік желілерде жарияланды; «Қараман-ата жерасты мешіті мен қорымы», «Бәйте-3 күнге табыну ғибадатханасы» республикалық мәртебедегі ескерткіштердің виртуалдық бейнелері жасақталды; «Ұлы Жібек жолының» солтүстік тармағы бойынша зерттеу экспедициялары жүргізіліп, Қаратау-Ақтау шатқалдарындағы карауыл-мұнаралар, Қарлыбас, Қараған, Үшқұю, Қаңға, Емдi қорғаныс бекiнiстерi, Үстірттегi Қосқұдық, Белдеулi, Борқұдық керуен-сарайлары ежелгі сауда жолдарының негiзгi бағыттары анықталды; Облыс аумағындағы 169 құдық-шыңырауларға зерттеу жүргізілді; Маңғыстау облысының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы жасақталды. 2014 жылы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне «Киіз үйді жасаудың дәстүрлі білімдері мен дағдылары» номинациясы енгізілді. ЮНЕСКО-ның алдын-ала тізіміне енген мұралар санатында Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағы бойындағы ортағасырлық Қызылқала қалашығы (10ғ. ІІ жартысы – 13 ғ. басы) ; 2015 жылы Батырлар жыры дастанының бір тармағы ретінде Мұрын жырау жырлаған «Қырымның қырық батыры» жыры ұсынылған.«Маңғыстаудың жерасты және жартастағы мешіттері сериясы» номинациясы бойынша Шақпақ-ата, Қараман-ата, Сұлтан-үпі, Шопан-ата, Бекет-ата ескерткіштеріне кешенді зерттеу жұмыстары жүргізілді. Кетікқала, Қызылқала, Қарақабақ ортағасырлық қалашықтарына, қола дәуірінің Саура, ерте темір дәуірінің Айғырлы бекіністеріне, Түпқараған ғибадатханаларына, Алтынқазған діни-қабірлеу кешеніне археологиялық зерттеу жүргізілді. Ақпан ғұрыптық кешені – Бейнеу ауданына қарасты Тұрыш ауылынан солтүстік батысқа қарай 25 шақырым жерде орналасқан. Ол 2011 жылдың мамыр айында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде анықталған темір дәуірінің ескерткіші. Ол оба (үйік, қорған) типтес, ұлутастардан қаланған дөңгелек формалы ірі архитектуралық құрылым,,-деп Пәния Оңалбайқызы нақты істің жайын баяндады.

Маңғыстауда бірқатар ауыс-түйіс болды

Мәдениет дегенде мән беретін мәселелер…

Облыс басшысы әрбір мәселе бойынша өзінің дәйекті ой-пікірін өрбітті. Мәселен, Мұнайлы ауданында мәдениет ошақтары тапшы, ал қылмыс саны өсуде. Ендеше, мәдени-қоғамдық орындар санын көбейту арқылы жастар арасындағы салауатты өмір салтын орнықтыруға күш салу міндет. Барлық мәселеде мәдениет мекемесі мен аудан, қала биліктері қоян-қолтық жұмыс жасаса ғана шаруа жемісті болмақ. «Сіз 18 мешіт бойынша 18 деректі фильм түсірілді , фейсбукте бар дейсіз. Неге бұл фильмдер республика бойынша көрсетілмейді? Осы 18-ден Маңғыстаудың бүкіл рухани, діни-фәлсафалық,сәулеткерлік,археологиялық, бағзы баянын аңғартарлық бір фильм жасап, бүкіл Қазақстанға паш етуіміз керек»,деді Ералы Лұқпанұлы. Жоғарыда атап өтілген тамыры ерте ғасырларға кететін көне қалалар мен ескерткіштер, Жібек жолы тармақтары, табиғат тамашаларын туристерге таныту үшін уақытты көп созбау, реставрация жұмыстарын асқан сақтықпен, сапалы жүргізу, құндылығын жойып алмаудың маңызын атап өтті. Кешегі Мемлекеттік рәміздер күні секілді саяси шаралардың бағдарламасын, сценарийін жасағанда елдің рухын көтеретіндей, жаңаша леппен әзірлеу қажеттігін , ал маман даярлауда жергілікті кадрлерді тәрбиелеп, баулып шығаруға баса мән беру керектігін ескертті.

Ғалым Әріп
Суреттерді Түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ

Маңғыстауда бірқатар ауыс-түйіс болды

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз