ұшақ самолет
Сурет сайт архивінен

2019 жылғы 3 желтоқсанда қазақстандық делегация Польшаның авиациялық билігімен келіссөздер жүргізді, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес енгізілген «ашық аспан» режимі аясында екі ел арасында қатынайтын рейстер ұлғайтылатын болды. Қазіргі уақытта олардың саны аптасына 4 рет болса, енді 14-ке жеткізіледі. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан-Варшава бағыты күнделікті рейс болады, сондай-ақ Варшава-Алматы бағытына аптасына 7 рет қатынайды.

Оқи отырыңыз: 2020 жылдан бастап Минск — Ақтау әуе рейсі іске қосылады

Келіссөздердің қорытындысы бойынша «LOT Polish Airlines» әуе компаниясы 2020 жылдың жазынан бастап Варшава-Нұр-Сұлтан бағытындағы рейстер санын аптасына 4-тен 7-ге дейін арттыратын болды. Сонымен қатар алдағы жылы Алматыға тұрақты рейстер ашпақшы. Польшаның әуе компаниясы Шымкентке де рейстер ашуды жоспарлап отыр.