egg жұмыртқаның сыры

2019 жылдың 4 қаңтарында жарияланып, инстаграм әлеуметтік желісінде ең көп лайк жинаған жұмыртқаның сыры ашылды. Ол әлемдегі танымал видеосервистердің бірінің аккаунты болып шықты.

Ең алғашқы жазбада жұмыртқаның суретіне қоса «Мұны инстаграмдағы ең көп лайк басылған жазба етіп, әлем рекордын бірге жаңартайық. Қазіргі кездегі ең көп лайк басылған (18 миллион!) Кайли Дженнердің жазбасын басып озайық», — делінген еді.

Бұл жазбаны әлеуметтік желі қолданушылары қызу қолдап, лайк басып, он күннің ішінде Кайли Дженнердің рекордын басып озды. Бүгінде бұл жұмыртқаға қойылған «ұнату» белгісінің саны 52,1 миллионнан асып кеткен.

Қажетті межеден өткен соң құпия аккаунт араға 4-5 күн салып, біртіндеп сызат түсе бастаған үш жұмыртқаның суретін жариялады.

Екі күн бұрын жұмыртқаның сыры белгілі болды. Аккаунт әлемдегі танымал видеосервистердің бірі hulu-ға тиесілі болып шықты. Ол  — Netflix видеосервисінің бірден-бір бәсекелесі.

«Енді күтудің қажеті жоқ. Бәрі Супер кубоктен кейін белгілі болады. hulu-ден көріңіз», — делінген жазбада.

Бұған дейін инстаграмда ең көп лайкты К.Дженердің жаңа туған қызының суреті жинаған еді. Сәбидің суреті 2018 жылғы 7 ақпанда жарияланған.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз