Қадыр оқулары
Сурет kadyrmyrzali.blogspot.com сайтынан

Көрнекті қазақ ақыны Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығын насихаттау мақсатында Ақтау қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен оқушылар арасында «№12 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Қадыр оқулары» байқауы өткізілді.

Байқау үш бағытта: ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу, Қадыр ақынның сөзіне жа­зылған әндерді орындау және оқу­шы шығармашылығын айқындау мақсатында ақынға арнап өлең шы­ғару, күй шығарудан өзара сайыс түрінде өтіп, қатысушылардың жақ­сы дайындықпен келгенін көрсетті.

Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу қорытындысы    бойынша І орын №23 орта мектебінің 8­-сынып оқушысы Гүлназ Ұзаққа, ІІ  орын №28 орта мектебінің 7-­сынып оқушысы Сәния Саурбекова, ІІІ орын №13 гимназияның 5­сынып оқушысы Берекет Абайға және №20 орта мектептің 8-­сынып оқушы­сы Тимур Мендалиевке бұйырса, ақынның сөзіне жазылған әндерді орындау  бағыты  бойынша І орын­ға №29 орта мектептің 7-­сынып оқушысы Қылышбек Мейрамбек, ІІ орынға №20 орта мектептің 9-­сы­нып оқушысы Гүлназым Өмірзақ, ІІІ орынға №8 орта мектептің 6­сы­нып оқушысы Дильназ Сәдуақас ие болды.

Оқушы шығармашылығы бағыты бойынша ақынға арнап өлең жазу, күй шығару сайысынан І орын­ды №27 орта мектептің 9-­сынып оқушысы Ұлданай Сәрсенбаева, ІІ орынды №13 гимназияның 9-­сы­нып оқушысы Іңкәр Күзембай, ІІІ орынды №23 орта мектептің 10-­сы­нып оқушысы Әлия Жалғасова мен №29 орта мектептің 10-­сынып оқушысы Рима Қанатова жеңіп алды.

Сонымен бірге аталған байқау­дың әр бағыты бойынша өз өнер­лерін көрсеткен оқушылардың ішінен дараланған сайыскерлер де назардан тыс қалмай, қалалық білім бөлімінің ынталандыру дипломда­рымен марапатталды. Олардың ара­сында №10 орта мектептің 5-­сынып оқушысы Әмина Марат, №22 орта мектептің 7-­сынып оқушысы Ел­дос Сүлеймен, №17 орта мектептің 5-­сынып оқушысы Ақнұр Болат­бай, №28 орта мектептің 10-­сынып оқушысы Дана Бектұрсын, №1 орта мектептің 10­-сынып оқушысы Орынғали Мұңалбаев, №7 мектеп­ лицейінің 5­-сынып оқушысы Ма­дияр Аманқұлов болды.

Үміт ЖӘЛЕКЕ

Қадыр оқулары

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз