Нұрмұхан Жантөрин атындағы музыкалық-драма театры қаңтар айында төмендегідей қойылымдарды көрермендерге ұсынбақ.

11 қаңтарда «Ақбөбек» музыкалық драмасы қойылса, ал 12 қаңтарда «Золушка» балалар ертегісі мен 13 қаңтарда «Он, она, окно, покойник» атты комедиялық қойылымды тұрғындар назарына ұсынады. Театр сүйер қауым Шекспирдің пьесасының негізінде сахналанатын «Гамлет» трагедиясын 16 қаңтарда көретін болады.

18 қаңтарда «Әпке» драмасын көре аласыз. Сондай-ақ 19 қаңтарда «Маугли» балалар ертегісі мен 20 қаңтарда «Бізде ғашық болғанбыз» атты спектаклін тамашалай аласыз.

Сонымен қатар, «Ревизор» (комедия), Ханума (поп-арт комедия), «Етік киген мысық (балалар ертегісі), «Диоген мен Ескендір» және «Хан кегі» (поэтикалық драма) қойылымдары болады.

Ақтаудағы театрлар көрерменге қандай қойылымдар ұсынбақ?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз