kitap kniga кітапқұмар
Көрнекі сурет сайттың архивінен

Бейнеу аудандық білім бөлімінің білім беруді үйлестіру орталығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектептердегі кітапқұмар оқушылар арасында аудандық «Үздік оқырман» байқауын ұйымдастырды. Байқауға ауданымыздағы 14 мектептен 15 оқырман қатысып, ұйымдастырушылар тарапынан дайындалған алты бөлімнің шарттары бойынша білімдерін сынға салып, бақтарын сынады.

Байқау өте тартысты өтіп, әділ қазылар алқасы кітапқұмар оқушылардың білімдерін әділ бағалады. Опорный орта мектебінің 10–сынып оқушысы Балбөбек Асылбекова І орынды иемденіп, дипломмен марапатталып, облыстық кезеңге жолдама алды. «Сыңғырлау» мектеп–балабақша кешенінің 10 сынып оқушысы Арай Жолболды, Бейнеу гимназиясы 9 сынып оқушысы Гүлнұр Сапарова ІІ орынға, «Атамекен» орта мектебінің 8 сынып оқушысы Жанна Зейнуллаева ІІІ орынға ие болды. Байқауға белсене қатысқаны үшін Күйкен орта мектебінің 9 сынып оқушысы Асел Гафарова, Абай орта мектебінің 9 сынып оқушысы Дана Шүкірбаева, Алтынсарин орта мектебінің 9 сынып оқушысы Ақбота Әлжанова, Бегенов орта мектебінің 9 сынып оқушысы Дариға Таңатарова, Сам орта мектебінің 10 сынып оқушысы Қарашаш Бердібаева мақтау қағазымен марапатталды.

Елбасымыз «XXI ғасыр – мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Бар білімнің қайнар көзі – кітапхана», — деп атап көрсеткеніндей, бұл байқау ақпараттық-технология жоғары қарқынмен дамыған бүгінгі таңда кітаптың адам өміріндегі алатын орны, мәртебесі жоғары болып қала беретінін көрсетті.

Алмахан  ТУРСЫНБАЕВА,
Сам орта мектебі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз