ақша теңге Қазақстанның сыртқы борышы

2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанның сыртқы борышы 161,5 млрд. АҚШ доллар болды. Республиканың сыртқы қарызы экономиканың барлық секторлары есебінен 3,0 млрд. АҚШ долларға қысқаып, ІЖӨ-ге қатынасы 94,0% (жыл басынан бастап 8,6%-ға жақсарып) құраған. Бұл туралы Ұлттық банк өзінің ресми сайтында жариялады, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Сыртқы борыштың 63,7%-ын бұрынғысынша фирмааралық берешек, 25,7% байланысты емес кредиторлар алдындағы «Басқа секторлардың» сыртқы борышы, 7,1% мемлекеттік сыртқы борыш (Үкімет пен Ұлттық Банк) алып отыр. Қалған 3,5% — «Банктер» секторының сыртқы міндеттемелері (ЕДБ және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ) екен.

«Мемлекеттік сыртқы борыш негізінде Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын өтеу және оларға шетел инвесторларының сұранысының азаюы есебінен 452,9 млн. АҚШ долларына қысқарды. «Банктер» сыртқы міндеттемелері ең алдымен Қытайдың экспорт-импорттық банкі берген кредиттерді жоспарлы өтеу есебінен 452,9 млн. АҚШ долларына қысқарды», — делінген сайтта.

Сондай-ақ сыртқы борыштың азаюына «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ 1,6 млрд. АҚШ доллары сомасындағы 10-жылдық еврооблигацияларын және «КазАгро» ҰБХ» АҚ 420,4 млн. евро соммасындағы 5-жылдық еврооблигацияларын ішінара мерзімінен бұрын өтеуі әсер еткен.

Фирмааралық берешек мұнайгаз секторының ірі компанияларының шетелдік ұймдардың еншілес және тел кәсіпорындарынан несиені өтеу нәтижесінде 823,7 млн. АҚШ долл. қысқарды.

Қазақстан Республикасының таза сыртқы борышы 1,4 млрд. АҚШ долларына ұлғайып, 48,0 млрд. АҚШ долларына жеткен.

Камшат ОҢҒАЛТАЙ

Көрнекі сурет

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз