magnitogorsk Магнитогорск құтқару апат

Магнитогорскіде бір бөлігі опырылып түскен көп қабатты үйдің қирандылары арасынан адамдарды іздестіру тоқтатылды. Бұл туралы Ресей ТЖМ орынбасары Александр Чуприян мәлімдеді, — деп хабарлайды Маңғыстау медиа сайты 24.kz сілтеме жасап.

«Жарты сағат бұрын соңғы мәйітті тауып, алып шықтық. Және қирандылар астында ешбір мәйіт қалмағанына кепілдік береміз. Сол себепті іздестіру-құтқару операциясы осымен аяқталды», – деді Чуприян.

Естеріңізге салсақ, 31 желтоқсан күні Магнитогорск қаласындағы тұрғын үйде тұрмыстық газ жарылып, салдарынан 9 қабатты үйдің тұтас бір кіреберісі опырылып түсті. 25 пәтер толығымен қирап, 10 шақты пәтерге зақым келген. Құтқарушылар қирандылар астынан 39 адамның мәйітін тапқан. Оның алтауы бала. Бес адам мен 11 айлық нәресте құтқарылды. Қазір жарылыстан зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсетілуде. Қайтыс болған адамдардың отбасыларына миллион рубль, ал жарақат алғандарда 200 бен 400 мың рубль аралығында өтемақы төленеді. Сондай-ақ зақым келген пәтер иелеріне де өтемақы тағайындалады. Ал жарылыстың кесірінен баспанасыз қалғандарға пәтер беріледі.

Сурет bbc.com сайтынан

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз