Қазақстанның  заңнамалары мен ережелер көлік жүргізушілеріне қатысты бірқатар өзгеріс болып жатыр. Атап айтсақ,  бірінші – техникалық төлқұжаттың жаңа үлгісі пайда болады. Екінші – көлік жүргізушілері үшін онлайн сақтандыру енгізіледі. Ал үшінші – сақтандыру полисі жоқ жүргізушілерге айыппұл салынбайды, — деп хабарлайды mangystaymedia.kz сайты.

Техникалық төлқұжаттың жаңа үлгісі енгізіледі

Ішкі істер министрлігі 2019 жылдың қаңтар айынан бастап көлікті тіркеу куәлігінің жаңа үлгісін енгізуді жоспарланы жайында  Алтайньюс сайты мәлімдеген еді.

Енді жаңа техникалық төлқұжаттың көлемі өзгермек. Яғни ені — 5.4, ұзындығы — 8,6 см, кредиттік карта көлемімен бірдей немесе жеке куәлікке ұқсас келеді және оған чип орналастырған.

Сонымен қатар, ультракүлгін және голографиялық элементтері бар, интеграл микросұлбасымен жабдықтаған.

Айта кетелік, техникалық төлқұжатты барлығы ауыстыру міндетті емес. Тек жаңа үлгідегі куәлік көлік құралын тіркеу және қайта тіркеу кезінде ғана берілмек.

Көлікті онлайн сақтандыру болады 

Биыл 1 қаңтардан бастап  жүргізушілер сақтандыру шартын электрондық нысанда сақтандыру ұйымдарының сайтында рәсімдей алады.

Көлік жүргізушілері үшін көлігін сақтандыру енді 10%-ға дейін арзандауы ықтимал.

Сонымен қатар sputnik сайтының мәлімдеуінше, көліктің сақтандырылғанын немесе сақтандырылмағанын біріңғай сақтандыру деректер қорынан білуге болады.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап көлік иелеріне «қағаз» сақтандырудың болмағаны үшін айыппұл салынбайды. Көлік сақтандырылғанын немесе сақталмағанын сақтандыру деректері қорынан білуге болады. Егер жүргізуші ҚР міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзса, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 685-бабы мен 230-бабы бойынша жеке тұлғаларға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Ол 24 мың 050 теңге болып отыр.

Сақтандырушылар қауымдастығының айтуынша, заңнамаға сәйкес сақтандыру шартын өзгертуге және бұзуға өтініш беруге мүмкіндігі бар. Сондай-ақ оны онлайн режимде реттей алады.

Сақтандыру полисі жоқ жүргізушілерге айыппұл салынбайды

Енді көлік жүргізуші азаматтардан сақтандырудың қағазға басылған полисін сұрауға полицейлердің құқығы жоқ. Егер де тәртіп сақшысы тоқтатқан жағдайда, көліктің иесіне жүргізуші куәлігін немесе уақытша куәлікті, сондай-ақ техникалық төлқұжатты (КҚТК), ал қажет болған жағдайда —  алып жүрген жүктің құжаттарын көрсетуі тиіс екендігін хабарлайды Отырар телеарнасы.

Бұдан бұлай ҚР жол қозғалысы ережелерінде құжатты үнемі алып жүріп, керек болған кезде полиция қызметкеріне көрсетуге міндеттейтін тармақтың күші жойылды.

Бірақ Сақтандыру келісімшартты рәсімдеу міндетті.

Айта кетелік, көліктің сақтандырылғаны жөнінде мәліметті тәртіп сақшылары электронды деректер базасынан ала алады. Ғаламторға қосылуға мүмкіндік болмаса, рацияның көмегімен кезекші бөлімге хабарласып, әріптестерінің көмегіне жүгінеді.

Ақкенже БЕРКЕНОВА

Көрнекі сурет shymkenttv.kz сайтынан алынды

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз