karakiya Қарақияда Тұңғыш Президент күні

1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай Қарақия ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында салтанатты жиын өтті. Жиынға аудан тұрғындары, өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, білім саласының қызметкерлері және мектеп оқушылары қатысты.

Шара барысында қатысушыларға Тұңғыш Президент күніне арналған бейнеролик көрсетіліп, аудан әкімінің орынбасары Е.Күмісқалиев және «Нұр Отан» партиясы Қарақия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Сәбитова құттықтау сөз сөйледі.

Сонымен қатар, бірнеше азаматтар және Қарақия ауданының 45 жылдығына орай өткен «Мерейің үстем болсын Қарақиям» атты өлеңдер байқауының жеңімпаздары алғыс хатпен және сыйлықтармен марапатталды.

Шара соңында Е.Күмісқалиев жеңімпаздарды марапаттарымен құттықтап, еңбектері үшін алғысын білдірді.

Шынар КЕНДІН

Суретті түсірген автор

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз