Ұлы дала Рухани жаңғыру
egemen.kz сайтынан

Адамзат үшін «туған жер», «туған ел» деген ұғымдар өте маңызды екені айтпаса да белгілі. Сол ұғымдардың маңыздылығын ашатын ол – тарих.  Жер бетінде тіршілік қалыптасқаннан бері уақыт, кеңістік деген ұғымдар бар. Сол уақыт пен кеңістік біріккенде тарих пайда болады. Тарих деген не? Адамзат қалыптастырып жатқан өмір толқыны! Сол толқынды әрі қарай одан да биік, одан да әдемі жалғастыру – Ұлы дала халқының  міндеті. Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік күні біздің әрбіріміз үшін қастерлі де қасиетті мереке. Сол мереке қарсаңында халқымыздың рухын көтеріп, рухани құндылығын арттыру мақсатында біраз шаралар атқарылып келеді.

Қазір «Ұлы дала» деген ұғым кең таралып кетті. Даламыздың ұлылығы неде? Халқымыздың даналығы мен тарихымыздың тереңдігінде. Қазақ тарихы жеке бөлшектермен емес, тұтастай  түп тамырымен. Ұлт тарихы толықтай танылып, зерттеліп, келер ұрпаққа жеткізілгенде ғана  ұлттық сана қалыптасады. Біздің сонау «талай тар жол, тайғақ кешуден» өткен халқымыз өз тарихы мен оның маңыздылығын жойып алуға жол бермек емес. Бұл тарихқа қатысты дұрыс ұстаным деп білемін. Өткен уақыттың қай кезеңін айтсақ та «Отан», «Атамекен» деген ұғымдар қазақ үшін маңызды болды. Солай болып қала береді де. Қазақ халқының халық болып қалыптасуы, еңсесін биіктетіп, мәртебесін жоғарлатуы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының сындарлы саясатының тамаша нәтижесі.

«Рухани жаңғыру» жолдауынан кейін біраз шаралар қолға алынған еді. Кеше ғана Елбасымыз оған қосымша ретінде «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жариялады. Мақсаты – халықтың әл-ауқатын көтеру, халық үшін жасалатын жұмыстарды көбейту. Одан бөлек халықтың, соның ішінде жастардың тарихты қастерлеп, рухани құндылықтарға деген көзқарасын нықтау. Мақалада Елбасымыз Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт және тарихи сананы жаңғырту бағытын сөз қылды.  Елбасы мақаласының басты бағыты – тарихқа көз жүгірте отырып, оның маңыздылығын арттырып, дамығын 30 елдің қатарына қосылу мақсатында ұлттық сананы жоғалтпай, жаңа Қазақстанды қалыптастыру. Мақалада бұдан бөлек  оқу  мен білім беруге, мұғалімдерге ерекше көңіл бөлінген. Әрбір шәкіртіне ерекше ілтипатын, махаббатын аямайтын ұлағатты ұстаздарға ерекше көңіл бөлінгені біз секілді жастарды, ҚазҰУ студенттерін де қуантты. Бұл жолғы жолдауда қарастырылған тағы бір мәселе – экономикалық бәсекелестікті дамыту,  тұрғын үй коммуналдық қызметіндегі тарифтер жүйесіне тәртіп орнату.

Елбасымыздың жаңа жолдауы жаңа бастамаларға жол ашып, жаңа заманда дамыған 30 елдің қатарына қосылуға  бастайтын шараларды көрсетіп берді. Ғасырлар қойнауындағы терең тарихымызды танып-біле отырып, сол замандардан бері сан мыңдаған батыр тұлғаларымыз  қасық  қаны қалғанша қорғап өткен, қазірде егемендігін алып, биыл тәуелсіздігінң 27 жылдығын тойлағалы отырған  Ұлы даланың ұлылығын сақтау біздерге парыз! Ендеше жаңа мақала жаңа Қазақстанға дара жол салып берді деуге әбден болады.

Кузембекова Жанна

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз