Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қыз­метінің жағалау күзеті өңірлік басқармасына қарасты 2201 «Б» әскери бөлімнің қызметтік жауынгерлері – теңіз тыныш­тығының сақшылары. Олардың атқаратын іс­-әрекеттері шекараны күзету барысында тәртіп пен қадағалауды күшейтуден тұрады.

Ағымдағы жылдың 23 қарашасында арнайы жүргізген операциялық жұмыстары­ның екінші кезеңін аяқтаған бөлімше қызметкерлері жауынгерлік қызметінің қорытын­дысын шығарды. Ол туралы бізге 2201 «Б» әскери бөлімнің тәрбие және әлеуметтік­-құқықтық жұмыстар бөлімшесінің офицері, аға лейтенант Н.Сабыр хабарлады.

— Алға қойған тапсырмаларды орындау – барлық әскери қызметкерлердің борышы. Кеме командирлері жоғары дайындық пен ыждағаттылықты, кәсіби шеберліктерін көрсетті. Ішкі және аумақтық сулар ережесін бұзғаны үшін 3 су қайығы ұсталып, ҚР 7 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы сомасы 336700 теңгенің айыппұлы салынды. Олардың ішінде 593 дана бекіре тұқымдас балықтар саны,  7 дана итбалық саны болды. 186000 метр болатын ау және 6000 метр ұзындықтағы қармақ бортқа көтеріліп алынды, ­- деді ол.

Өз тілшімізден

Көрнекі сурет сайттың архивінен

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз