Серік Аманғалиев

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов аппараттық жиында жаңа кадрлық өзгерістерді жариялады.

Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс әкімінің бірінші орынбасары болып Серік Аманғалиев тағайындалды. Ол 1960 жылы 6 желтоқсанда Гурьев облысы Махамбет ауданының Махамбет ауылында дүниеге келген. 1983 жылы А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын  бітірген.

Еңбек жолын 1983 жылы орта мектептің тарих пәні мұғалімінен бастап, директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, кейін мектеп директоры болып қызмет атқарды.

1995-2007 жылдары – Атырау облысында Махамбет аудандық және қалалық білім бөлімінің бастығы, кейін облыстық білім департаментінің директоры қызметінде болды.

2008-2011 жылдары – Атырау облысының Құрманғазы ауданының әкімі, Атырау облысы әкімінің орынбасары болды.

2011 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарды.

«Құрмет» орденімен (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2002), «Астананың 10 жылдығы» (2008), Ы. Алтынсарин атындағы медальдарымен (2006), «ҚР Білім беру ісінің үздігі» белгісімен (1998) марапатталған.