тренинг

21 қараша күні Ақтау қаласында жасөспірімдермен жұмыс жасайтын жалпы білім беретін мектептердің педагогтары мен психологтарына арналған «Білім беру ұйымдарындағы психологиялық, құқықтық, әлеуметтік қызметті ұйымдастыру» атты семинар-тренинг өткізілді.

Басты спикерлер психология доценті, кәсіби тренер Мәншүк Кусаинова , МО «Мейірім» ҚБ психологы Юля Проняева, «Рай» әлеуметтік жедел көмек орталығының басшысы Райхан Бекманова, заңгері Александр Фокин, педагогы Гүлнасем Джумабаева болды.

Шара барысында жалпы білім беру мекемелерінде бала құқықтарының сақталуы, бала қауіпсіздігі, психологиялық, құқықтық, әлеуметтік жұмыстарының ұйымдастырылуы, қиын жағдайда қалған балалармен жұмыс барысы туралы сөз қозғалды.

МО білім басқармасы «Облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығының» «Зорлық-зомбылықтың, оның ішінде кәмелетке толмағандарға жыныстық қатынастың алдын-алу бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру» тақырыбында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын «Саламатты Ел» қоғамдық қоры 2019 жылдың сәуір айынан бастап жүзеге асыруда.

Маңғыстау облысының 5 аудан, 2 қала мектебінде 7-11 сынып оқушыларына арналған дәріс сабақтары мен семинарлар өткізіліп, жеке кеңестер берілді.

«Саламатты Ел» қоғамдық қорының директоры

Гүлзира Есетова, сурет автордан