Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

Қарақия ауданы әкімінің өкімімен Тұяқов Бауыржан Орынбайұлы Қарақия ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Қарақия ауданы әкімдігіне сілтеме жасап. 

Бауыржан Орынбайұлы Тұяқов 1985 жылы туған. Білімі — жоғары.

2003 жылы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша, 2018 жылы Ұлыбританияның Ноттингем Университетінің Мемлекеттік саясат магистратурасы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылдың қыркүйек айында Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының саяси партиялар және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бөлімінің бас маманы қызметінен бастады.

2010-2012 жылдары Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының саяси партиялар және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.

2012 жылдың қарашасынан 2019 жылдың тамызына дейін Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы болды.

«Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі, 2018 жылы «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» атанды.