Бейнеу-Ақжігіт

Маңғыстау облысындағы «Бейнеу-Ақжігіт» автожолы 2019 жылы пайдалануға беріледі, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Ұзындығы 85 км «Бейнеу-Ақжігіт» автожолын қайта жаңарту жобасы аясында тас жолды техникалық II санаттағы нормативтерге дейін жеткізу көзделген.

Бейнеу-Ақжігіт

«2018 жылдың қорытындысы бойынша бұл учаскенің 60 шақырымында қозғалыс ашылды. Қалған 25 шақырымда құрылысшылар 18 су өткізгіш құбырды орнату, жылыту пунктін қайта жаңарту, сондай-ақ 2 демалыс алаңын орнату жұмыстарын жүргізеді», — делінген министрліктің хабарламасында.

Бүгінде жөндеу жұмыстарына 80 бірлік техника мен 163 адам жұмылдырылған. Жобаның бас мердігері – «ТЖЖ-Автодорстрой»  ЖШС. Мамандардың жоспары бойынша қайта жаңғыртудан кейін «Бейнеу-Ақжігіт» автожолдың өткізу қабілеті 7 есеге жуық артып, тәулігіне 7000 жуық автокөлікті құрайтын болады.

Сондай-ақ, «Бейнеу–Ақжігіт» автожолы «Құрық» порты арқылы көлік транзитін ұлғайтуға ықпал етеді және Транскаспий дәлізінің Өзбекстан және Орталық Азияның басқа да елдерімен жаңа қатынасын қамтамасыз етеді.

«Бейнеу-Ақжігіт» автожолы бойындағы жөндеу жұмыстары 2019 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Бейнеу-Ақжігіт