sammit саммит
Көрнекі сурет сайттың архивінен

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.

«Каспий теңізі мәр­тебесінің реттелуі мен халықаралық саяси экономикалық және мәдени­-гуманитарлық ынтымақтастықтың құқықтық режімін қалыптастыру – жағалау маңы елдерінің барлы­ғы үшін әрдайым стратегиялық маңызды  бағыт.  Осы  жылдың 12 тамызы Каспий бестігінің та­рихында маңызды күн болды. Өйткені бұл күні Ақтау қаласында елдеріміздің басшылары өңіріміз үшін негіз салушы болып сана­латын халықаралық шарт Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойды. Бұл құжаттың қол қойылуына 25 жылға созылған келіссөздер не­гіз болды. Конвенцияны әзірлеу кезінде әлемдік тәжірибе, Кас­пий теңізінде қолдануға бо­латын халықаралық теңіз құқығының нормалары, ұлттық сарапшылардың жеке өздерінің ойлап тапқан әдістері іске асты. Бұл мән мәтінде Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне  қатысты БҰҰ ресми құжаты ретінде тара­тылған. Қазақстанның 1997 жыл­ғы ұстанымының дұрыс болға­нын, конвенция ережелерінде ол толықтай көрініс тапқанын атап өтер едім», – деді ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.

Еске сала кетсек, ҚР Президен­ті Нұрсұлтан Назарбаев Ақтау саммитінде сөйлеген сөзінде кон­венцияны Каспий теңізінің кон­ституциясы деп атап, бұл құжат өңірдегі қауіпсіздік, тұрақтылық пен өркендеудің кепілі деп мәлім­деді. Құжатта жағалау елдерінің қызметінің негізгі қағидалары бе­кітілген. Олардың ішінде теңіздің түбін, қойнауын, табиғи ресурс­тарын және оның үстіндегі ауа кеңістігін пайдалануға қатысты тараптардың құқықтары мен мін­деттері, жер қойнауына жүзіп өтуге, балық аулауға, теңізде ғы­лыми-­зерттеулер жүргізуге құ­қықтарды жүзеге асыру тәртібі, сондай-­ақ қауіпсіздік саласы мен теңіз ортасын қорғау саласындағы ынтымақтастық көрсетілген.

«Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі бойынша мәселелер тараптардың айрықша құзіретіне жатады. Мемлекеттердің еге­мендігін, аумақтық тұтастығын, тәуелсіздігін, егемендік теңді­гін құрметтеу, күш немесе күш­ пен қорқытуды қолданбау, өзара құрмет, ынтымақтастық, бір­-бі­рінің ішкі істеріне араласпау секілді қағидалар негізінде жүзеге асырылатын болады. Каспий те­ңізінің акваториясы әртүрлі құ­қықтық режімдерде болатын ішкі сулар, аумақтық сулар, балық аулау аймақтары және ортақ су кеңістігі белгіленді. Аумақтық сулар ені 15 теңіз милінен аспай­ды. Ал олардың сыртқы сулары теңіздегі мемлекеттік шекаралар болып бекітілді», – деді Сыртқы істер министрі. Оның айтуын­ша, Каспий теңізінің түбі мен қойнауын секторларға бөлу жал­пы мойындалған қағидалар мен халықаралық құқықтық нормалар­ды назарға ала отырып, шекаралас және қарама-­қарсы орналасқан мемлекеттердің уағдаластықтары бойынша, яғни мүдделі мемлекет­тердің арасындағы жеке келісім­дер негізінде жүзеге асырылады.

«Каспийдің экологиялық жүйе­сі мен оның барлық компонент­тері жан-­жақты қорғалады және сақталады. Теңіздегі қандай да бір қызмет түрі теңіздің қоршаған ортасы мен биологиялық ерек­шеліктеріне зақым келтірмеуі тиіс. Конвенцияны тиімді орындау мақ­сатында тұрақты бесжақты арна­йы консультациялар тетігі болып саналатын Каспий маңы мемле­кеттері Сыртқы істер министрле­рінің орынбасарлары, уәкілетті өкілдері деңгейінде Каспий теңізі мәселелері бойынша жоғары дең­гейдегі жұмыс тобы құрылуда. Біздегі ақпаратқа сәйкес Каспий маңы мемлекеттерінің барлығы конвенцияны ратификациялауына қажетті мемлекет ішіндегі рәсім­дерін орындауды бастаған», – деді Қайрат Әбдірахманов.

Ноян ЖОЯМЕРГЕН

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз