5500 туристің 1000 адамы Каспий теңізі жағалауында орналасқан 8 демалыс аймағына орналаса алады. Маңғыстау облысындағы ірі туристік демалыс орындарының бірі «Tree of life» базасының алғашқы келушілері балалар болды.

Осы жылы Маңғыстау  5500 туристі қабылдауға дайын Осы жылы Маңғыстау  5500 туристі қабылдауға дайынХалықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған қайырымдылық акциясына облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілері мен «Спешиал Олимпикс Казахстан» қоғамдық қорының облыстық филиалының балдары қатыстырылды.

— Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барлық билік органдарының назарын өскелең ұрпақ тәрбиесіне және орын алған мәселелерді шешуге, барлық саладағы жас таланттарды қолдауға аудартып отыр. Біздің облысымызда экономиканың дамуымен қатар әлеуметтік мәселелер де шешімін тауып келеді. Балаларымыздың сапалы білім алуларына мүмкіндік бола алатын заманауи құралдармен жабыдықталған жаңа мектептер салынуда. Кішкентай балдырғандарымыздың физикалық және рухани дамуы үшін барлық жағдай жасалған балабақшалар ашылуда. Жаз маусымының келуімен біздің міндетіміз Сіздердің теңізде, жазғы сауықтыру лагерлерінде демалып, бойларыңызға күш-жігер жинап, денсаулықтарыңызды реттеуге бағытталады. Мен Сіздердің еліміздің лайықты азаматтары болып өсетіндеріңізге және Отанымыз – Қазақстанның игілігі мен гүлденуі жолында еңбектене отырып, аға буын өкілдерінің даңқты эстафетасын жалғастыратындарыңызға сенімдімін, — деп атап өтті Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Осы жылы Маңғыстау  5500 туристі қабылдауға дайынДемалыс аймағының аквпаркіне келушілер саны мен сыйымдылық көрсеткішін арттыру үшін үлкендерге және 7 жасқа дейінгі балаларға арналған жаңа екі аттракцион орнатылды. Жаңартылған аквапарк ендігі кезекте 2000-ға дейін келушілерді қабылдай алады. Сондай-ақ база аумағында фитнес-зал және екі хауыз салынып, нөмірлік қор ұлғайтылды. Жас маусымының бір айының ішінде 300 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Суреттерді түсірген Cерік МАЙЕМЕРОВ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз