Өндірісі өркен жайған «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы берекелі бастамаларға ұйытқы болып, игілікті істердің ортасынан табылып келеді. Аталған компанияның мұнайшылары Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қайырымдылық көмек ретінде бір күндік жалақыларынан жиналған 52 млн.теңгеден астам қаржы аударды.

«Маңғыстаумұнайгаз» Ақтөбеге көмекке 53 миллиондай теңге жинады

–Төтенше жағдайдың салдарынан қиын жағдайға тап болған ақтөбеліктерге көмек көрсетуді ұйғардық. Татулығы жарасқан ұжымымыз осындай кезде де ауызбіршілік танытып, қайырымды іске біркісідей атсалысып жатыр. Ұжымымыз бұл ұсынысқа бірден келісіп, бірнеше күннің ішінде 52 млн.теңгеден аса қаржы жиналды. Бұл қаржыны су тасқынан зардап шеккендерге ашылған арнайы қорға аудардық, – деді «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директорының адам ресурстарын басқару және әлеуметтік саясат жөніндегі орынбасары Нұрсерік Күдереев.

«Маңғыстаумұнайгаз» Ақтөбеге көмекке 53 миллиондай теңге жинады

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Пэй Цзяньшэн су тасқынының салдарынан үй-күйсіз қалған қорғансыз тұрғындарға көмек көрсетуді ұжым бірауыздан қолдағанын жеткізді.

– Алып кәсіпорынға айналған «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясы, оның ішінде Қытайдан келген жұмысшылар төтенше жағдайды ести сала жанашырлық танытып, қайырымдылық жасауға асықты. Достық пен бейбітшілікті ту еткен ұжымның аударған қомақты қаржысы жерлестеріміздің игілігіне пайдаға асады деген сенімдемін. Қайырымдылық көмек алдағы уақытта да жалғаса береді, – деді «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Пэй Цзяньшэн.

Фарида МҰҢАЛҚЫЗЫ

1 ПІІКІР

  1. Маңғыстау мұнайшыларының ішіне бəрі кіреді. Маңғыстауда мұнай компаниялары көп. Бұл тек «Маңғыстаумұнайгаз»АҚ жинап бергені. Соны ашып айту керек сияқты Маңғыстаумұнайгаз деп

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз