студенттер сайысы

Мұнайлы аудандық білім бөліміне қарасты 15 жалпы орта білім беретін, 1 кешкі мектеп, 1 өнер мектебі және 73 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жұмыс жасайды.

Ауданда 73 мектепке дейінгі ұйым қызмет етеді (2018 ж. тамыз – 50), оның ішінде 14 мемлекеттік және 59 жекеменшік. МДҰ-да 7179 бала тәрбиеленуде.

Ауданның білім беру ұйымдарына биылғы жылы күрделі жөндеу қарастырылмаған, алайда №2 балабақшаға ағымдағы жөндеу жүргізуге барлығы 1,15 млн. теңге бөлініп, қазіргі таңда жөндеу жұмыстары аяқталды.

Жаңа оқу жылын аудан мектептері 1-11 сыныптарға 33 000-ға жуық оқушы, оның ішінде бірінші сынып 5000- ға жуық оқушымен бастайды деп жоспарлануда. Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығына сәйкес қазіргі таңда толығымен автоматтандырылып, «e.openmangystau.kz» базасы арқылы жүзеге асуда.

Өткен оқу жылында ауданда үш мектепте (№7 о/м – 2444, үшінші ауысымда – 259, №9 о/м – 3216, үшінші ауысымда – 552, №10 о/м – 3205, үшінші ауысымда – 1094) оқу үш ауысымда ұйымдастырылды. Ауданда үш ауысымды оқытуды жою және оқушы тасымалын азайту мақсатында әрқайсысы 320 орындық 2 мектеп жанындағы қосымшаның (Атамекен а.о., №7 о/м және Басқұдық а.о., №9 о/м) құрылысы аяқталып, жаңа 2019-2020 оқу жылында іске қосылады.

Сондай-ақ Батыр ауылдық округіндегі 960 орындық орта мектептің құрылысы келесі жылы аяқталып, 2020-2021 оқу жылына іске қосылады. Мұнайлы ауданында 2019-2020 оқу жылына оқулықтар мен оқу-әдістемелік нұсқаулықтарды алу үшін 417374,0 мың теңге қаржы бөлінді.

Бөлінген қаржының 417373,231 мың теңгесіне 236578 дана оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендері алынып, жоспар бойынша оқулықтар мектептерге жеткізілді.

Ауданның білім беру мекемелерінде 2019-2020 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңіне дайындау, яғни жылыту жүйелерін жуу, тазалау (промывка и опрессовка) жұмыстарына барлығы 3 969,0 мың теңге, атап айтқанда, мектептерге 2 451,0 мың теңге, балабақшаларға 1 518,0 мың теңге бөлінді.

Білім беру ұйымдарының жылыту жүйелерін жуу, тазалау жұмыстары жүргізу үшін тиісті мекемелермен келісім-шарт жасақталды, дайындық актілері алынды.

Ауданның 13 мектебінде ағымдағы жөндеуге барлығы 35,984 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізілуде, жөндеу жұмыстары барлық білім беру ұйымдарында толығымен аяқталып, жаңа оқу жылына дайын.

Міне, жаңа оқу жылы да келді. Барша білім ордаларындағы ұстаздарды Білім күнімен құттықтаймын. Еңбектеріңіз жемісті болып, шәкірттеріңіз толымды тірліктерімен абыройларыңызды аспандата берсін!

Ардақ БЕКОВА,
Мұнайлы аудандық білім бөлімінің бас маманы