суда құтқару

Түпқараған ауданында суға батып кеткен 19 жасар азаматтың денесі Сайын-Шапағатов ауылы маңынан табылды, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. 

Оны іздестіруге 6 құтқарушы, 2 техника және 2 қайық жұмылдырылған.

Маңғыстау облысы төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметінің айтуынша, құтқарушылар кеше, 1 тамыз күні сағат 06:32 шамасында баланың өлі денесін тапқан. Қайғылы оқиға Түпқараған ауданына қарасты жерде болған.

Айта кетейік, ол 28 шілде күні суға түсуге тиым салынған жерге шомылып, суға батып кеткен.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА