Латын әліпбиінің емле ережесі

Күні кеше Елбасы мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін құрылған жұмыс тобының мүшелерімен кездесті.

Бұған дейін де әліпбидің бірнеше нұсқасы қоғамдық талқылауларға түскен болатын. Жиында Елбасы рухани жаңғыру бағдарламасы аясындағы маңызды мәселеге назар аударды. Әліпби ауыстыру идеясын халқымыз толықтай қолдауда.

Бұл идея тәуелсіздік алғаннан бері айтылып келе жатқан болатын. Енді жаңа әліпбиге көшетін уақыт жетті. Себебі бұл бастаманың саяси,экономикалық, тарихи, әлеуметтік мәні бар. Әліпбиді ауыстыру бізге әлемдік ақпараттық кеңістікке шығуды жеңілдетпек.  Әліпбидің нұсқаларын бүкіл халықтың белсенді түрде талқылауы еліміздегі демократияны, пікірлер алуандығын дәлелдей түсті. Бұл талқылауға ел мұғалімдері де өз пікірлерін білдіруде. Жаңа әліпбиді жүзеге асыру, ең алдымен, ұстаздар қауымынан басталатыны анық. Алдымен мұғалімдердің өздерін оқытып, сонан соң мектеп оқушыларына үйрету — уақыт талабы. Оны кезең-кезеңмен енгізу үшін әдістемелік база дайындалмақ. Үкімет бұл іске кірісіпте кетті.

Тағы оқыңыздар: Белгілі сазгер, дирижер Қуат Қонашевті еске алды

Енді латын қарпі бекітілсе біздер, мектеп мұғалімдері, де бел шешіп іске кіріспекпіз. Әрине, жаңа істе кемшіліктер де, қиындықтар да болуы мүмкін.

«Көш жүре түзеледі» деген, мұғалімдер мен оқушылар жаңа бастаманы қызу қолдап, оны іске асыруға ынтамен кірісері анық.

Біз әлемдік көштен латын қарпіне өткен бауырлас елдерден қалмауымыз керек.

Іске сәт, ұстаздар қауымы!

Әмин ЖҰЛДЫЗБАЕВ,

«№13 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі