Мұнайлы ауданының әкімі Нұрлан Тәжібаев, облыстық мәслихат депутаты Ахмет Салманов №3 арнайы білім беру мектебіндегі балақайларды мерекемен құттықтап барды. Олармен бірге концерттік қойылымдарды тамашалап, мектепте білім алушы 119 баланы сыйлықпен қуантты.

Одан кейін Дәулет ауылындағы №4 мектепке бас сұғып, А.Салманов пен кәсіпкер Қ.Бековтың демеушілігімен үйден оқитын 20 балаға тәттілер салынған сөмкелер таратты. Ауыл басшылығы да қарап қалмады, мектептің үздік оқитын және тұлдыр жетім 5 оқушысына ЭКСПО-2017 көрмесінің билетін тарту етті.

Сондай-ақ бұл күні білім ордасында дойбы, шахматтан сайыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздары марапатталды.

Шахида Жұман

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз