Бұл өмірдің базары да, ажары да – біздің бүлдіршіндеріміз. «Бір қозы туса, бір түп жусан артық өседі» деген тәмсілді ұстанған қазақ әр сәбидің өз несібесімен дүниеге келетінін айтады. Перзентін көңілдің гүлі, көздің нұрына теңеп, жүрек түкпіріндегі үлкен үміттерінің иесі санайды. Сондықтан 1 маусымда тойланатын Халықаралық балаларды қорғау күні – орны ерек, мәні бөлек мереке.

Балалық шақтың бақытыАталмыш мейрам аясында мұнайлы қалада 29 мамырдан бастап бірнеше іс-шара ұйымдастырылды. Қалалық мәдениет бөлімінің бастауымен, мүмкіндігі шектеулі балаларды тарихи-өлкентану музейіне, Үстірт мемлекеттік қорығына апарып, өлкенің тарихы мен мәдениетін таныстырды. Қалалық мәдениет бөлімі балаларға ойыншық табыстап, келешектерінің жарқын болуын тіледі. Сондай-ақ, балаларға арнап «Жалын» кинотеатрында мультфильм көрсетілді. Думанды бағдарламалар легі«Жанар» және «Ақбөбек» балабақшасында жалғасты. Аталған балабақшаларда мерекелік ертеңгілік ұйымдастырылып, балалар өз өнерін көрсетті. 1 маусым күні орталық алаңда, «Мұнайшы» мәдениет үйінің алдында, Теңге, Қызылсай, Рахат ауылдарының алаңдарында мерекелік шара өтіп, балалар асфальт жолға сурет салып, түрлі мәдени-спорттық байқаулар өткізілді.

Гүлсім ОСПАН

Балалық шақтың бақыты Балалық шақтың бақыты

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз