1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай маңғыстаулық теміржолшылардың балалары «Менің отбасым теміржолшы» атты сурет сайысында өздерін сынады. Оған түбектің түкпір-түкпірінен 5-13 жас аралығындағы қаракөздердің жұмысы қабылданып, 18-і арнайы сыйлықтар мен дипломдарға ие болды.

Байқауды «Нұр Отан» партиясы Мұнайлы аудандық филиалы жанындағы «Маңғыстау темір жолы» бастауыш партия ұйымы партияның «Бақытты отбасы — Бақытты балалық шақ» жобасы аясында ұйымдастырды. Сайысқа келіп түскен суреттер БПҰ-ның бөлмесінен лайықты орын алып, келушілер назарына ұсынылды. Соның бірі — шойын жолмен жүйткіп бара жатқан пойыз. Оны Маңғыстау белгі бері және байланыс дистанциясының аға электромеханигінің қызы Таңнұр Шалқар 2 күн бойына салыпты. Ең жас қатысушы — 5 жастағы Аида Базарбай болса қиялындағы паровозды қағазға түсіріпті. — Аида ортаншы перзентіміз. Әлі кішкене болса да атасы да, нағашылары да теміржолшылар болғандықтан жұмысымыз туралы көп біледі, естиді,-дейді анасы, Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінде экспедитор Ж.Меделова. Марапаттау рәсіміне балғындардың ата-аналары мен жақындары да келді. Олардың алдында әрбір баланың өнерін бағалап, әрқайсысының жұмысына ерекше тоқталған БПҰ төрағасы балғындарға ақжарма тілегін арнап, жазғы демалыстарын көңілді өткізуге арналған құрал-саймандар толы сөмкелерді табыстады.

— «Бақытты отбасы — Бақытты балалық шақ» жобасы шеңберінде БПҰ теміржол мекемесі, кәсіподақ ұйымымен бірлесе  өзге балаларға да мейрам тартуын жасап отыр. Оларға Ақтау қаласындағы «Юность» кинотеатрынан қойылым тамашалауға, Мұнайлы ауданындағы «Дәстүр» мейрамханасында болатын «Біз бақытты баламыз»  мерекелік шоуына билеттер алып берілді,-дейді  Б.Дюсалиев.

Шахида Жұман

Сурет салып сыйлық алды Сурет салып сыйлық алды Сурет салып сыйлық алды Сурет салып сыйлық алды Сурет салып сыйлық алды

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз