Жуырда Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында өткен «Аймақты әнмен тербетіп…»  өнер байқауына әр облыстан 30 үміткер қатысып, 14 өнерпаз іріктеліп сайысқа түсті. Жастарды халқымыздың мәдениеті мен тарихын құрметтеуге, отансүйгіштік қасиетін қалыптастыра отырып, дарынды жас өнерпаздарды халыққа танытуды көздеген додада жан-жақтан келген қатысушылар бар өнерін ортаға салды. Өнерімен өрісі кеңейіп жүрген біздің жерлестеріміз де жарыстан құр алақан қалмай, бақ сынасты.

өрлеу.

Екі күнге созылған байқауда эстрада жанры бойынша облысымыздың намысын қорғаған Маңғыстау аудандық мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы, жас әнші Дарын  Қосай ІІ,  дәстүрлі ән жанры бойынша аудандық «Отпан» халықтық фольклорлық ансамблінің әншісі Кемелханова Гүлжайна ІІІ орынды иеленді. Жастайынан өнерге құштар, бабы келіскен өрендердің бағы жанып жүлделі оралуымен біз де құттықтаймыз.

А. НОҒАЙХАН

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз