Ауданымызда халық игілігі үшін тағы бір нысанның тұсауы кесіліп,  такси қызметінің жаңа орталығы ашылды. Игілікті істің болашағына сәттілік тілеген аудан әкімі Ж.Айтуаров  ғимараттың  лентасын  қиды. Тұрғындарға жаңа қызмет көрсету орнын ашып, бірнеше адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіп иесіне ризашылығын білдіріп,  ауданымызда мұндай жақсы істердің атқарылып жатқанын, мерейлі мерекеміз Шетпенің 50 жылдығы қарсаңына үлкен тарту болғандығын тілге тиек етті.

Бүгінде ашқан кәсібінен нәсібін тауып жүрген жеке кәсіпкер Р.Шегебаев: «орталықта 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Мұнда қызмет көрсету ауданішілік және ауданға қарасты ауылдарға ғана көрсетіліп отыр. Дегенмен болашақта қызмет көлемін одан әрі ұлғайтуды ұйғарып отырмын. Алдағы уақыттарда орталықта асхана, дүкен, медициналық кабинет, көлік жөндеу орталығы  пайдалануға берілетін болады. Сапалы қызмет біздің басты мақсат болады» дей келе, осы жобаның іске асуына қолдау көрсеткен аудан басшыларына алғыс айтты.

Аудан орталығында жолаушы тасымалын ұйымдастырып отырған такси қызметінің тұрғындарға тиімді тұстары көп болғанымен, әлі де тұтынушылардың талабын толыққанды өтей алмай келген – ді. Жаңа орталық  серпін беріп, жолаушы тасымалындағы кейбір «әттеген-айлары» жойылады деп сенеміз.

Жадыра ТЕЛБАЕВА

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз