2 желтоқсан күні Алматыдағы «Балуан Шолақ» атындағы спорт сарайында қазақ күресінен абсалюттік салмақта «Әлем Барысы» әлем чемпионаты өтеді.

Аталған турнирде ел намысын маңғыстаулық балуан Нұрдәулет Жарылғапов қорғайды. Сонымен бірге, 30 елдің балуандары бақ сынайтын ұлттық күрес додасына Айбек Нұғымаров, Руслан Әбдіразақов, Мақсат Исағабылов қатысады.

Айта кетелік, «Әлем Барысы» елімізде осымен төртінші рет өткелі отыр.