30 қараша күні елордада «Altyn Samgay-2019» Ұлттық спорттық жүлдесінің жеңімпаздары марапатталды. Бокстан әлем чемпионы, маңғыстаулық спортшы Бекзат Нұрдәулетов «Жазғы спорт түрлері бойынша үздік спортшы» атағын  иеленді, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz. сайты.

Қазақстанның үздік спортшысы атанған Бекзат Нұрдаулетов жанкүйерлерге өз алғысын айтып, қуанышымен бөлісті.

«Ұлттық Спорттық жүлдеде жеңіске жету үлкен мәртебе. Маған қолдау көрсеткен барша жанкүйерлерге алғысым шексіз. Бұл жеңіс алдаға додаларда маған дем берері сөзсіз. Шынымды айтсам, үздік атанамын деп ойлаған жоқпын. Бірақ барына демеу білдірген спорт жанкүйерлеріне басымды иемін. Осындай салтанатты кеш ұйымдастырған Ұлттық Олимпиадалық комитетке рахмет айтамын!», — деді ол.

Айта кетейік, елдің үздік спортшыларын жанкүйерлер таңдаған болатын. 15-30 қараша аралығында оқырмандар awards.olympic.kz сайтында дауыс беріп, екі аптада елдің үздіктері анықталып отыр.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА