филормония Ақжарма

Кеш Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармонияда өтті. Өнер ұжымы концерттік бағдарламасына «Жаңа леп, жаңа тыныс» деп айдар таққан.  

Тәуелсіздік қарсаңында құрылған фольклорлық ұжым содан бері көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп келеді. Шетел асып, өзге елдерге де ұлттық өнерді дәріптеп, халықаралық конкурстарда топ жарып жүр. Бүгінде ансамбль құрамы өнерпаздардың жаңа толқынымен толыққан. Құрамында өзгеріс болса да, «Ақжармаға» тек жаңа леп, жаңа тыныс тән. Концерттің де атауы осыған байланыстырылған.

Ұжымның жоспарлы концерті биыл күйші, мәдени ошаққа есімі берілген Мұрат Өскенбайұлының 115 жылдығымен тұспа-тұс ұйымдастырылды. «Ақжарма» фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшілері – Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі Айдарбек Оңайбаев және халықаралық байқаулардың жеңімпазы Айнұр Сариева.

Көрерменге ансамбль орындауындағы әсерлі туындылар, күмбірлі күй, мың бұралған би тарту етілді. Сондай-ақ әуезді кеште республикалық дәстүрлі әншілер байқауының лауреаты Әзімхан Баймағанбетов, «Мен қазақпын» мега-жобасының гран при-жүлдегері Оспан Кұлсымақов, «Жеті Қайқы» республикалық дәстүрлі әншілер байқауының жеңімпазы Сабит Шектібаев, Мәдениет саласының үздігі Асанәлі Көшеров бастаған әншілер өнер көрсетті.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз