аурухана Маңғыстау

2018 жылдың 31 желтоқсанында Маңғыстау облыстық ауруханасына 69 адам көмекке жүгінген. Олардың екеуі — петарданың жарылуынан зардап шеккендер. Зардап шеккендердің екеуі де дәрігерлік көмек көрсетілген соң үйлеріне қайтарылған. Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

— Мереке қарсаңында 69 адам ауруханаға көмекке жүгінді. Олардың 16-сы сары, жасыл және қызыл аймақ бойынша түсіп, 11 адам ауруханаға жатқызылды,  хабарласқан, — деді басқарманың баспасөз қызметкері А. Сәрсенбаев.

Ал қалған 53 адам Маңғыстау облыстық ауруханасының травматология бөліміне хабарласып, 2 адам ауруханаға жатқызылған. Олардың бірі офтальмология, екіншісі травматология бөліміне түскен.

Камшат ОҢҒАЛТАЙ,

Көрнекі суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз